Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жапония үкіметі туристер шығынын өтеп беруді шешті
Жаңалықтар

Жапония үкіметі туристер шығынын өтеп беруді шешті

28.05.2020
1 мин
0
997

Жапония үкіметі коронавирус пандемиясынан зардап шеккен туризм индустриясын жандандыру мақсатында саяхаттаушылардың шығынын ішінара өтеуді шешті, деп хабарлайды Kyodo.

1,35 триллион иен (12 миллиард АҚШ долларынан астам) бөлінген Go To Travel бастамасы аясында Жапония үкіметі саяхаттаушыларға күніне 20 мың иенге (185 АҚШ доллары) жуық субсидия беруді шешті.

Субсидиялар сапарлар құнының жартысын жабады және демалушылар жақын орналасқан мейрамханалар мен дүкендерде пайдалана алатын үлкен жеңілдіктер мен ваучерлер беріледі. Бастама шілде айының соңында іске қосылатыны күтілуде.

Жапония сапар құнының жартысын өтейтіні туралы бастаманы естігеннен кейін әлеуметтік желі пайдаланушылары оның шетелдік туристерге де қатысы бар деген ойға келген. Бірақ, шын мәнісінде олай емес.

Forbes-тің жазуынша, Жапонияның бұл жобасы COVID-19 пандемиясынан кейін ел ішінде саяхаттауды ынталандыруға бағытталған және мемлекет аумағында сапарлайтын жапониялықтарға ғана қатысты. Kyodo коронавирус ел туризміне елеулі әсер еткенін атап өтеді.

Себебі Токиода Олимпиада кейінге қалдырылды, тиісінше шетелдік туристер де келмейді. Tokyo Shoko Research зерттеуіне сәйкес, 31 қонақүй бизнесі банкрот болғанын жариялады.

Осы аптаның басында премьер-министр Синдзо Абэ Токиода және оның маңайында, сондай-ақ Хоккайдода төтенше жағдай режимі алынғанын мәлім етті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл