| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстаулық ұстаз оқушыларға мамандық таңдауда бағыт беретін бот жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Маңғыстау облысының Ақшұқыр мектеп-лицейінде ұстаз Назерке Жантаңатова жас буынға мамандық таңдауда бағыт беретін «PROF-Guide» Telegram ботын жасап шығарды. Бот оқушылар мен ата-аналарға нақты ақпарат пен кеңестер ұсынады.
Ботта кәсіби бағдар бойынша тесттер, мамандыққа қатысты кеңестер, бейіндік пәндерге сәйкес мамандықтар және Қазақстандағы колледждер мен ЖОО туралы мәліметтер жинақталған.
Жоба авторы атап өткендей, оқушылар мен түлектердің мамандық таңдаудағы сұрақтарын жеңілдету үшін осындай құрал аса қажет болды.
«PROF-Guide» автоматты жүйе ғана емес, пайдаланушылар өз сұрақтарын жіберіп, нақты жауаптар мен кеңестерді тікелей ала алады.