Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Баспанаға бағыт

Жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

11.12.2023
1 мин
0
3475
Коллаж: dauletten.kz

Қазақстанда жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды "Отбасы банктің" баспасөз қызметі.

Енді ғалымдарға Үкімет тарапынан жыл сайын 200 баспана бөлінеді. Ал профессорлардың жалақысы жыл сайын 20%-ға өседі. Бұл туралы Жетісу өңіріне сапары барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеген болатын. Салаға алдағы 3 жылда 650 миллиард теңге бөлінеді. Оның 6,5 млрд теңгесі ғылымды дамытуға жұмсалмақ. Ақысыз жұмыс атқаратын Ұлттық ғылыми кеңес мүшелеріне айлық тағайындау жайы да қарастырылып жатыр.

"Отбасы" банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлiк, қызметкерлерi жеңiлдетілген шарттармен заем ала алатын ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тiзімін құрып, банкке ұсынады. Ал қатысушылар пулын жұмыс беруші белгілейді. Ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары қол қойған жолдаманы алған бағдарламаға қатысушылары төлем қабілеттілігін бағалату үшін банкке жолдама алады.

Баспананы алғашқы немесе екінші нарықтан сатып алуға болады. Заемның жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз (ЖТСМ 5,2 пайыздан бастап) беріледі. Алғашқы жарна 10 пайыздан 50 пайызға дейін болады. Бағдарламаға қатысушысына берілетін ең жоғары заем сомасы 20 млн теңгеге дейін.

Сондай-ақ "Жасыл ипотека" бағдарламасы аясында да заем алу мүмкіндігі бар. Оның ең жоғрғы сомасы 35 млн теңгеге дейін. Несие бойынша мөлшерлеме жылдық 8 пайыз (ЖТСМ 8,2 пайыздан бастап). Алғашқы жарна – 20 пайыздан 50 пайызға дейін.

Ғалымдарды несиелендіру бағдарламасына қатысушының жасы 40 жастан аспауы тиіс. Сонымен қатар оның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл