| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы 2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беру туралы Жарлыққа қол қойып, биылғы марапат иегерлерін бекітті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттік арнаулы әдеби сыйлық төрт номинация бойынша табысталды.
«Проза» аталымында «Тергеуші» шығармасының авторы Арман Ерланұлы Әлменбет үздік деп танылды.
«Поэзия» номинациясында «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағын жазған Саян Кенжеғалиұлы Есжанов марапатқа ие болды.
«Драматургия» бағыты бойынша «Ақ киіз» драмалық туындысының авторы Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиев жеңімпаз атанды.
Ал «Балалар әдебиеті» номинациясында «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке Президенттік сыйлық берілді.
Аталған марапат әдебиет саласындағы жас таланттарды қолдауға және олардың шығармашылығын дамытуға бағытталған.