Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы: 100 іс-шара жүзеге асады
Жаңалықтар

Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы: 100 іс-шара жүзеге асады

23.02.2026
мин
0
115
Сурет: qyzylqoga.kz

Қазақстанда Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы аясында 100 негізгі іс-шара жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Жоспар 8 бағыттан тұрады: стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту, мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру, киберқауіпсіздік, цифрлық инфрақұрылым, салаларды цифрландыру, қалалар мен өңірлерді кешенді дамыту және жаңа экономиканы қалыптастыру.

Адами капитал:

AI-SANA бағдарламасы мектептер мен жоғары оқу орындарында ЖИ-білім беруді енгізеді, ересектерді қайта даярлауды қамтамасыз етеді. 450 мың оқушы мен оқытушы қамтылып, AI University, Tomorrow School, AI Governance 500 бағдарламалары іске қосылады.

GovTech және мемлекеттік қызмет:

Мемлекеттік органдар цифрлық жұмыс орнына көшеді, eGov мүмкіндіктері кеңейтіліп, Ұлттық ЖИ платформасында шешімдер енгізіледі. Кемінде 80% мемлекеттік қызметшілер Gov Workspace жүйесімен қамтылады, 50 қызмет ЖИ арқылы көрсетіледі.

Цифрлық инфрақұрылым:

Пойыздарда, ұшақтарда, туристік аймақтарда интернет қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, Direct to Cell спутниктік байланысы іске қосылады. Азаматтар мен бизнеске көрсетілетін цифрлық қызмет сапасы 75%-ға артады.

Салаларды цифрландыру және жаңа экономика:

Энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, геология, логистика салалары цифрландыру мен ЖИ арқылы жаңартылады. Пилотсыз индустрия, реттелетін криптоиндустрия, мемлекеттік майнинг жобалары және отандық спутниктерді дамыту жоспарланған.

Қалалар мен өңірлер:

Ауылдарға талшықты-оптикалық желілер тартылады, 20 қалада 5G желісі дамытылады, Smart City жобасы іске қосылады. ХҚКО-лар цифрлық форматқа көшеді, азаматтардың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл