| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев жасанды интеллект жөніндегі ұлттық заңға қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құжатта жасанды интеллект жүйелерінің негізгі қағидаттары, олардың қызметін реттеу тәртібі және жауапкершілік тетіктері бекітілді.
Заңға сәйкес, ЖИ ақпараттандыру нысаны ретінде айқындалды және адамның нақты міндеттерін орындауға арналған құрал ретінде қарастырылады.
Жүйелердің меншік иелері мен пайдаланушылары қауіпсіздік, сенімділік және тәуекелдерді басқару талаптарын қамтамасыз етуге міндетті.
Құжатта заңдылық, ашықтық, деректер құпиялығы, әділеттілік және адам мүддесінің басымдығы сияқты қағидаттар белгіленген.
Сондай-ақ Қазақстан аумағында манипуляциялық немесе заңсыз деректер жинау мүмкіндігі бар ЖИ жүйелерін жасауға және пайдалануға тыйым салынды.
ЖИ көмегімен жасалған тауарлар мен қызметтерді арнайы таңбалау талабы енгізілді. Сонымен қатар ұлттық жасанды интеллект платформасын құру және оны әзірлемелерді тестілеу мен оқытуға қолдану бойынша құқықтық негіз қалыптасты.
Заң ресми басылымдарда жарияланғаннан кейін күшіне енеді.