Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу жобасы қорытындыланды
Жаңалықтар

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу жобасы қорытындыланды

02.12.2022
1 мин
0
840

«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы нәтижелері бойынша қорытынды онлайн есептік кездесу өтті. Жоба мақсаты – жастардың арасында өзін – өзі тану, патриоттық сезімдерін арттыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық басымдықтарын ілгерілету.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

 «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы сәуір айынан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде:

- Шағын гранттарды жүзеге асыру нәтижесінде және іс-шаралар барысында, әскери-патриоттық клубтарға және басқа да патриоттық бірлестіктерге тартылған жастардың үлесін 20%-ға артты.

- Әлеуметтік желілерге әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы ақпаратты тарату арқылы 358 000 жас ақпаратқа ие болды.

- «Jiger - 2022» журналы жасақталды.

- Әскери-патриоттық клубтардың және басқа да патриоттық бірлестіктердің «Qorgan» бірлестігі ұйымдастырылды.

- «Jas Patriot» YouTube каналының жұмысы ұйымдастырылды.

- Мектептер мен колледждер базасында өңірлік  әскери-патриоттық клубтар үшін шағын гранттар конкурсы өткізілді.

- Электрондық және баспа БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы бұқара халықты жоба барысындағы жұмыстармен таныстыру үшін ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылды.

- Тікелей 2 646 қатысушы қамтылды.

- Ақпараттық қамту 656 000 адамды құрады.

 Жастар арасында әскери-патриоттық бағыттағы әлеуметтік желі марафондары, челлендждер ұйымдастырылып, үздіктер марапатталды. Сонымен қатар, «Әскери-патриоттық керуен» атты іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, экскурсиялар, кездесулер, байқаулар, форматта шеберлік сабақтары болып өтті.

Қайта жаңғырған ұлттық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылатын әскери-патриоттық сана-сезімді жастардың бойында қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Осы игі мақсат жолында жұмыс атқару ел болашығының маңызды кілті болып қала бермек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл