Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты
Жаңалықтар

Жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты

27.07.2023
2 мин
0
303
Фото: depositphotos.com

«еQonaq» ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша 1 маусым мен 23 шілде аралығында еліміздің қонақ үйлерінде 250 468 шетел азаматы тоқтаған, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 еседен артық. Былтыр осы кезеңде 77 645 шетелдік туристер отандық қонақ үйлерде демалған.

ТМД елдерінен келген туристер саны 180 мың немесе 72% құрады. Бір қызығы, өткен жылы дәл осы көрсеткіш 77% құраған. Яғни, алыс шетелден келген туристердің үлесі артып отыр.

Мәселен, Моңғолия – 11,6 есе (489-дан 5 683-ке дейін) Қытай – 8,5 есе (2 223/ 18 954), Үндістан – 4,7 есе (1 245/5 887), Оңтүстік Корея – 3,8 есе (939/3 585), Иран – 3,8 есе (237/897), Германия – 3 есе (1 659/5 054), АҚШ – 2,2 есе (1 237/2 761) өсті.

Шетелдік туристердің елімізде демалуға келетін басты бағыттары –  бұл Алматы қаласы (1 маусым мен 23 шілде аралығында – 77 308 турист), Астана қаласы (38 463 турист), Алматы облысы (19 049 турист) және Маңғыстау облысы (15 062 турист).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл