Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жазғы демалыс кезінде Қазақстанда 5,4 мыңнан астам жасөспірім ресми түрде еңбекке араласты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасында "Менің жазғы каникулым" атты арнайы бөлім іске қосылған болатын. Оның арқасында 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Нәтижелер:
• 16–18 жас аралығындағы жастардан – 13,6 мың түйіндеме түсті;
• 14–15 жастағы жасөспірімдердің ата-аналары – 356 жеке кабинет ашты;
• олардың ішінде 112 ата-ана 129 түйіндеме жариялады.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап жасөспірімдерге тек денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқуға кедергі жасамайтын, сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыстарға рұқсат етіледі.
Қазіргі таңда жасөспірімдерге шамамен 80 мамандық қолжетімді. Олардың қатарында тәрбиешінің көмекшісі, дүкен сатушысы, тазалаушы-жуушы, курьер, SMM-менеджер және басқа да қызметтер бар.
1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, "Менің жазғы каникулым" бөлімінде 305 жұмыс беруші тарапынан 2,1 мың бос жұмыс орны ұсынылған. Бұл жүйе алдағы уақытта да қолжетімді болып қала береді. Жұмыс берушілер бос жұмыс орнын жариялау кезінде тиісті белгіні қоюы жеткілікті.