Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жазда Алматыда қант бағасы қымбаттай ма?
Жаңалықтар

Жазда Алматыда қант бағасы қымбаттай ма?

17.02.2023
1 мин
0
503

Наурызда бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша Алматыға алғашқы азық түлік өнімдерін жеткізу басталады.

Күн сайын өсіп келе жатқан азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 15 млрд теңге бөлінді. Наурыз айының ортасынан бастап қалаға алғашқы өнімдер жеткізіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әкіммен кездесуге келген тұрғынның бірі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты түсініктеме беруін  сұрады.  

«Алматы бағаны тұрақтандыруға ең көп қаражат бөлді - 15 млрд теңге. Көктемде наурыз айының ортасынан бастап біз алғашқы өнімдерді аламыз. Бағасы шұғыл көтерілетін позициялар бойынша бағаларды тұрақтандырамыз деп үміттенемін. 

Сонымен қатар, Алматыда монополиялық Алтын Ордадан басқа көтерме жеткізушілер пайда болды (бүгінде қалаға көкөністердің, жемістер мен еттің 75%-ы Алтын Орда арқылы жеткізіледі). "Магнум" желісі жеткізушілермен тікелей жұмыс істей бастады, соның арқасында бағалар төмендеді. Қалған сауда желілері басқа жолдарды табады деп үміттенемін»,-деді Ерболат Досаев. 

Әкім қанттың да құны көтерілмейді деп отыр. 

«Біз Ақсу қант зауытымен 2,6 млрд теңгеге шарт жасадық. Жазда қант бағасы көтерілмейді деп үміттенемін. Өзіңіз білесіз, нанның бағасы көтерілген жоқ өйткені, біз оны субсидиялаймыз-жергілікті бюджеттен қосымша ақша бөлдік.

Өкінішке орай, азық-түлік емес тауарлардың бағасы да өсуде - бұл факт. Жалпы геосаяси жағдайға байланысты көлік логистикасы бұзылды, бірақ бірте-бірте біздің компаниялар түрлі жолдарды іздейді, жаңа жеткізушілер пайда болды»,-деді ол.

Фото: inbusiness.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
279
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл