| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау үшін жаңа шаралар енгізілмек. Премьер-министрдің орынбасары – Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында дербес деректерді қорғау жөніндегі жоспарларды таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Жаңа Конституцияда азаматтардың жеке өмірін сақтау және дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу немесе пайдалану әрекеттеріне жол берілмеуі көрсетілген.
Осы нормаларды іске асыру үшін Әкімшілік құқық бұзушылық, Қылмыстық кодекстерге және дербес деректер мен киберқауіпсіздік туралы заңдарға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр.
Жоспар екі негізгі бағытты қамтиды:
Техникалық және ұйымдастырушылық шаралар:
Дербес деректерді шифрлау, хэштеу сияқты заманауи әдістермен қорғау.
- Бұл деректерді техникалық тұрғыда қорғауға және рұқсатсыз қол жеткізу кезінде оның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік деректер базасынан деректерді жүктеп алуға шектеу қою жоспарлануда. Ақпараттық жүйелерді интеграциялауға басымдық беріледі, бірақ жекелеген, заңмен қатаң белгіленген жағдайларды қоспағанда, мәліметтерді жүктеп алуға тыйым салынады, - деп түсіндірді Жаслан Мәдиев.
Дербес деректер операторлары мен сенімді шетелдік ақпарат алушылардың тізілімі құрылмақ.
Жауапкершілікті арттыру:
Деректер тарап кеткен жағдайда операторлар азаматтарға және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Дербес ақпаратты өңдеудің басталғанын уәкілетті органға хабарлау қажет.
Жаппай дербес деректердің тарап кетуі үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, әкімшілік айыппұл шегі 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.
Мақсат – азаматтардың жеке өмірін қорғауды күшейту және киберқауіпсіздік мәдениетін арттыру.