Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жеке басын куәландыратын құжатты жасату арзандамақ
Жаңалықтар

Жеке басын куәландыратын құжатты жасату арзандамақ

16.10.2023
1 мин
1
547

Ашық НҚА порталында Ішкі істер министрлігінің жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендету туралы бұйрық-жобасы жарияланған, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Құжат бойынша Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында баға мынадай болмақ:

- құжат 1 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);

- куәлік 3 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге);

Ал облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілді.

«Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі», – деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.

Құжат 30 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Асем 16.10.2023
Менің құжатымның уақыты асып кетіпті, көп қолданбағандықтан оны қарамаппын да. Ескерту Смс келген екен ,бірақ көрмедім бе, әлде балалар ашып тастады ма білмедім . Енді айтпағым, штраф 12000тг ден асады. Неге соншалықты қымбат?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл