Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшқан»: Мемлекеттік ту туралы қызық деректер
Жаңалықтар

«Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшқан»: Мемлекеттік ту туралы қызық деректер

04.06.2023
1 мин
0
924

Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшқан. Dauletten.kz Мемлекеттік ту туралы қызықты деректерді ұсынады.

Ал тудың авторы - Шәкен Ниязбеков. 

1. 1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына қарсы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік Туды Іле Алатауының Абай шыңына тікті.

2. 2011 жылдың 14 желтоқсанында Оңтүстік Полюске шығудың 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының Туы Антарктидада тігілді.

3. 2011 жылы Василий Левцов пен Мақсұт Жұмаев көк туымызды Азияның ең күрделі тау шыңы Қарақорым Чогориге тікті. Таудың биіктігі - 8 611 метр.

4. 2012 жылғы 23 ақпанда отандасымыз Андрей Гундарев Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі – «Охос-дель-Саладо» бағындырды. Осылайша Қазақстан туы жер бетіндегі ең үлкен жанартауға қойылды.

5. 2014 жылы альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік нүктесі саналатын - Мак-Кинли шыңына шығып, көк туымызды тікті.

6. 2015 жылғы 14 сәуірде қазақстандық шаңғы экспедициясы Мемлекеттік туды Солтүстік полюс - Арктикаға тікті.

7. 2015 жылы қазақтан шыққан үшінші ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшты.

8. 2022 жылдың күзінде парашютші Олег Тощев көлемі 800 шаршы метр болатын Мемлекеттік туды алып, 3 000  метр биіктіктен секірген. Бұл - Қазақстан рекордтар кітабына енді.

9. Ғарышқа 3 мәрте ұшқан Талғат Мұсабаев, Мемлекеттік Тудың қасында сөз сөйлеп, Құран кітабы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін көрсеткен.

10. Еліміздің Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Әнұраны Азия мен бүкіл әлемнің ең биік шыңдары - Памир тауының Ленин шыңына (7 134 метр) және Эвересте (8 800 метр) көтеріліп, шырқалған.

 

Фото: Akorda.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл