| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін түнде Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасының нашарлауы күтіледі, ал Өскеменде оқушылар қашықтан оқуға көшті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін түнде еліміздің бірқатар өңірлерінде атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. Атап айтқанда, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалалары мен Астанада ауа сапасы төмендеуі мүмкін.
Өскемен қаласында бұл жағдай үшінші күн қатарынан жалғасып отыр. Қолайсыз метеожағдайлардың екінші деңгейі сақталуына байланысты қаладағы мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына ауыстырылды.
Мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ұстанып, мүмкіндігінше сыртта ұзақ болмауға кеңес береді.