| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысында «Жетісу көшбасшылары» жобасы аясында жастардың қоғамдық бастамалары мен әлеуметтік жобаларын көпшілікке таныстыруға арналған «Жетістіктер аллеясы» жобалар марафоны және жастар жобаларының көрмесі өтті. Іс-шараға 500-ден астам жас пен қала тұрғыны қатысып, өңір жастарының әлеуметтік бағыттағы бастамаларымен танысты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көрме барысында жастардың қоғамға пайда әкелуге бағытталған түрлі жобалары таныстырылды. Атап айтқанда, «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», экология, азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет, патриоттық тәрбие және әлеуметтік белсенділік бағыттарындағы бастамалар көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің басты ерекшелігі — жобаларды олардың авторларының өздері таныстыруы болды. Қатысушылар арнайы көрме алаңдарында өз бастамаларының мақсаты, жүзеге асырылу барысы мен нәтижелері туралы айтып, жобалардың қоғамға тигізген нақты әсерін көрсетті.

Жоба аясында өңір бойынша 100-ден астам әлеуметтік бастама жүзеге асырылды. Олардың қатарында қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, азаматтық белсенділікті қалыптастыруға, волонтерлік мәдениетті дамытуға және жастардың қоғамдық өмірге қатысуын арттыруға бағытталған жобалар бар.
Іс-шараға жастармен қатар қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің және жергілікті қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Шара қорытындысы жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдаудың және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасаудың маңызын көрсетті.
Жобаны Жетісу облысы ішкі саясаты басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы аясында «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ жүзеге асыруда.