466.08
538.56
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісуда жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған жоба жүзеге асты
Жаңалықтар

Жетісуда жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған жоба жүзеге асты

11.08.2026
мин
0
60

«Жетісу көшбасшылары» жобасы аясында жастарды көшбасшылыққа, әлеуметтік белсенділікке және soft skills дағдылары бойынша оқыту бағдарламасы табысты аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоба Жетісу облысындағы жастардың көшбасшылық әлеуетін, әлеуметтік белсенділігі мен soft skills дағдыларын жүйелі түрде дамытуға, олардың қоғамдық-мәдени өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз етуге және өңірлік деңгейде жаңа көшбасшы жастар пулын қалыптастыруға бағытталды.

 Жобаны Жетісу облысы ішкі саясаты басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастатамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы аясында, «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ ұйымдастыруда.

Оқыту бағдарламасына жалпы саны 300-ге жуық жас қатысты. Оқу процесі онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылып, келесі бағыттар бойынша жиыны 20 сессия өткізілді:

  • Көшбасшылық және командалық басқару;
  • Әлеуметтік жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  • Қоғамдық белсенділік және азаматтық жауапкершілік;
  • Коммуникация және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары;
  • Сыни ойлау және шешім қабылдау;
  • Уақытты басқару және эмоционалдық интеллект;
  • Конфликтология және келіссөз жүргізу негіздері.

Бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына және кәсіби құзыреттерін арттыруына бағытталды. Барлық сессияларды толық көлемде тыңдап, аяқтаған қатысушылар қатысу сертификаттарымен марапатталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл