Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісуда жас сарбаз көз жұмды
Жаңалықтар

Жетісуда жас сарбаз көз жұмды

05.01.2024
1 мин
0
238
Фото: paryz.kz

Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай ғана болған сарбаз көз жұмды. Әмір Байтұрғанов қыркүйек айында ғана әскерге шақырылған, деп хабарлайды Dauletten.kz, «Астана» арнасына  сілтеме жасап. 

Әмір үнемі спортпен айналысатын мықты жігіт болған. 2023 жылдың 21 желтоқсанында оның отбасына жағымсыз хабар жеткен - Әмір комаға түсіп қалған. Ал сағат 6:20-да жас жігіт қайтыс болған. 

Белгілі болғандай бірер күн бұрын жауынгерлік жаттығулардан кейін Әмір өзін нашар сезініп, жоғары температурамен дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер ыстығын уақытша түсіре алған көрінеді. 

Қорғаныс министрлігі Бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ільясов сарбаздың өліміне жіті инфекциялық менингит себеп болуы мүмкін дейді. 

Бірақ туыстары өлімнің бұл нұсқасына сенбейді. Олардың айтуларынша, ұлы ұзақ уақыт бойы бүйрегі ауыратынына шағымданып келген. 

«Бұған дейін ол бүйрек ауруы бойынша медициналық бөлімшеге бірнеше рет жүгінген. 28 қарашада ол бөлімшенің медициналық қызметінің басшысына УДЗ жасату үшін хабарласқан. Тек 6 желтоқсанда қалаға барып, УДЗ-ге түсіп, екі жақты пиелонефрит деген диагноз қойды. Медициналық бөлімшеге сол күні түскенімен 3 күн ғана емделді», - деді Мұрат Байтарғанов.

Туыстары өлімге ұзаққа созылған пиелонефрит себеп болды деп есептеп, қайғылы оқиғаның әділ зерттелуіне үміттенеді. Қорғаныс министрлігі бүйрек ауруы мен өлім арасындағы байланысты жоққа шығарады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл