455
498.77
5.56
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісуда жылына 600 мың тонна өнім өндіретін агроөнеркәсіптік кешен салынады
Жаңалықтар

Жетісуда жылына 600 мың тонна өнім өндіретін агроөнеркәсіптік кешен салынады

23.11.2026
0 мин
0
69
Сурет: ОКҚ

Жетісу облысында ірі агроөнеркәсіптік кешен құруға бағытталған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «АгроКомплекс Уштобе» серіктестігі Қаратал ауданының Үштөбе қаласында он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемей тұрған ұн комбинатын қайта іске қосып, өндіріс орнын жаңғыртуда. Жоба аясында бұрынғы ғимараттар қалпына келтіріліп, олардың базасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін үш өндіріс орны ашылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кешеннің жылдық өндірістік қуаты 600 мың тоннаға дейін жетеді. Атап айтқанда, мұнда жылына 300 мың тоннаға дейін құрама жем, 150 мың тонна май мен тоңмай және 150 мың тонна ұн өндіру жоспарланған. 2026–2028 жылдарға межеленген жоба толық жүзеге асқанда, Қаратал ауданында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жоба үш кезеңмен іске асырылады. Қазір кәсіпорын аумағында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғимараттардың құрылыс құрылымдары нығайтылып, инфрақұрылым жаңартылуда.

Бірінші кезеңде, алдағы жылы, жылына 300 мың тоннаға дейін құрама жем өндіретін зауытты іске қосу көзделген. Бұл отандық жем өндірісін ұлғайтып, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейтеді.

Екінші кезеңде жылына 150 мың тонна май өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Ал 2028 жылы жобаның соңғы кезеңі аясында жылына 150 мың тоннаға дейін астық өңдей алатын жаңғыртылған ұн комбинаты пайдалануға беріледі.

Осылайша, бір өндірістік алаңда ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеудің өзара сабақтас үш бағыты шоғырланбақ. Бұл өңдеу көлемін ұлғайтып, отандық өнім түрлерін көбейтуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатына деген сұранысты арттыруға ықпал етеді.

Жобаның маңызды нәтижелерінің бірі – он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемей тұрған өндіріс орнының қайта жандануы. Бос тұрған өндірістік ғимараттардың орнына заманауи агроөнеркәсіптік кешен құрылып, өңірде жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар бұл бастама жергілікті кәсіпкерліктің дамуына да серпін береді.

Кәсіпорынның іске қосылуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мал шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайтады. Құрама жем, май және ұн өндірісінің жолға қойылуы ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуден бастап, қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға дейінгі тұтас өндірістік тізбекті қалыптастырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл