488.37
559.77
6.64
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жоғалған отырғызу талонын қалай қайта алуға болады?
Жаңалықтар

Жоғалған отырғызу талонын қалай қайта алуға болады?

19.06.2026
мин
0
149

Іссапардан немесе сапардан кейін есеп беру үшін қажет болатын отырғызу талонын жоғалтып алатын жолаушылар жиі кездеседі. Алайда мұндай жағдайда алаңдаудың қажеті жоқ — құжатты бірнеше минут ішінде қайта алуға болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ отырғызу талонының көшірмесін алу үшін bilet.railways.kz сайтында арнайы онлайн қызмет қолжетімді екенін еске салады.

Отырғызу талонын қайта алу үшін:
– bilet.railways.kz сайтына кіріңіз;

– «Жолаушыларға» бөлімінен «Отырғызу талоны» қызметін таңдаңыз;

– билет нөмірін немесе жол жүру құжатын рәсімдеу кезінде пайдаланылған құжаттың деректерін енгізіңіз;

– тексеруден өтіп, отырғызу талонын электронды форматта жүктеп алыңыз.

Алынған құжатты мобильді құрылғыға сақтауға, электрондық поштаға жіберуге немесе қағазға басып шығаруға болады.

Сонымен қатар отырғызу талонын жол жүру кезінде жолсеріктен алуға немесе теміржол билет кассаларында қайта рәсімдеуге болады. Ол үшін электронды билет нөмірін, пойыздың жөнелтілген күнін және отырғызу станциясын көрсету қажет.

Отырғызу талоны тек сапар аяқталғаннан кейін ғана қалыптастырылады. Егер жолаушы билет сатып алғанымен, пойызбен жол жүрмеген болса, пайдаланылмаған билет бойынша отырғызу талоны берілмейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл