| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенат дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауды шектеуге бағытталған заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда бекітті. Құжат бірден бірнеше салаға қатысты нормаларды жаңартуды көздейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Заң жобасы Еңбек кодексіне, балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы заңға, сондай-ақ архив ісіне қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейді. Жалпы алғанда, түзетулер 12 заңды қамтиды.
Сенатор Амангелді Есбайдың айтуынша, бұл бастама қоғам үшін маңызды құндылықтарды қорғауға бағытталған.
- Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауды шектеуге арналған нормалар жас ұрпақты қоғамға жат құбылыстардан қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және адамгершілік-рухани тәрбиені қамтамасыз етуге жағдай жасайды, – деді сенатор.
Сонымен қатар заң жобасында бірыңғай электрондық архив қалыптастыру, құжаттарды цифрлық форматқа көшіру және архив саласындағы ұғымдарды кеңейту көзделген. Негізгі жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру.
Бұл өзгерістер тарихи және мәдени мұраны сақтау тетіктерін жетілдіруге, архив мекемелерінің мүмкіндіктерін арттыруға және олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған.