| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылы Қазақстанда 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 51 мыңнан астам адам зардап шекті. Өлім көрсеткіші азайғанымен, апат саны артты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 36 000-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бұл 2024 жылға қарағанда 14,4%-ға көп. Жол апаттарынан 51 мыңнан астам адам зардап шегіп, 2 330-ы қаза тапқан.
Ескерте кетейік, өлім-жітім көрсеткіші төмендеген: 2024 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға азайған. Барлық оқиғалардың үштен бірі Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген. Ең апатты өңірлер антирейтингінде:
Алматы қаласы – 8 954 жағдай
Алматы облысы – 5 987 жағдай
Жамбыл облысы – 3 276 жағдай
Ақтөбе облысы – 3 053 жағдай
Атырау облысы – 2 785 жағдай
Бригадалардың орташа келу уақыты халықаралық ұсыныстарға сәйкес – қалаларда шамамен 8 минут, ауылдық жерлерде 9 минут. «Алтын сағат» аясында зардап шеккендер 34 минут ішінде медициналық мекемелерге жеткізіледі. Бұл өлім-жітімді азайтуға және жарақат салдарының ауырлығын төмендетуге маңызды рөл атқарады»,– деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік атап өткендей, бұл көрсеткіш өлім-жітімді азайтуға және жарақат салдарының ауырлығын төмендетуге маңызды әсер етеді. Бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек Алматыда үш адамның қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты, жауапты басшылар қызметтен кетуі керек деп мәлімдеген еді.