Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жол ережесін бұзғаны үшін 49 млрд теңге айыппұл төледі: Министр мән-жайды баяндады
Жаңалықтар

Жол ережесін бұзғаны үшін 49 млрд теңге айыппұл төледі: Министр мән-жайды баяндады

04.10.2022
1 мин
0
1219

     Елімізде жылына 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 мыңнан аса адам қаза болып, 18 мыңнан астам қазақстандық жарақат алады. Бұл туралы үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің сөзінше, жыл басынан бері жазатайым оқиға көрсеткіші айтарлықтай өскен:

• жол-көлік оқиғалары – 14%-ға;

• қаза тапқандар – 18%-ға;

• жараланғандар – 13%-ға.

Апат көп орын алатын мекендер тізімінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары тұр. Еліміздегі жазатайым оқиғаның 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза болғандардың 41%-ы осы өңірлердің үлесінде -, деді министр.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – көлік тәртібінің нашарлығы.

Жыл басынан бері:

полиция 4,5 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзуды тоқтатты;

• 17,5 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды;

• 20000 жүргізушіні жүргізу құқығынан айырылды;

• 16 мың адам әкімшілік қамауға алынды;

• 188 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды;

Ал айыппұл сомасы 49 млрд теңге болды.

     Марат Ахметжанов мұндай оқиғаға көп жағдайда автомектептерге қойылатын талаптың төмендеуі және жүргізушілерді даярлау сапасының нашарлығы ықпал еткенін қадап айтты. Қазіргі таңда 747 оқу орталығы жол ережесі мен көлік айдауды үйретумен айналысады.

2018 жылдан бастап мұндай орталықтарды ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. 2020 жылы олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тоқтатылды. Сапасыз оқытқаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды. Бұл көбіне оқу процесінің формальды түрде жүзеге асуына әкелді -, деді Марат Ахметжанов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл