Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлытау облысында биылғы ақпанда 7 жұмысшы қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін тоқтатылған "Жомарт" кенішінде өндіріс қайта жанданды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Корпорация таратқан ақпаратқа сәйкес, мұндай шешім кешенді зерттеулер жүргізіліп, қауіпсіздік деңгейі, кенжарлардың жағдайы және қызметкерлердің дайындығы мұқият сараланғаннан кейін қабылданған.
— Ғылыми-зерттеу орталықтары, техникалық және сараптамалық ұйымдар мен компаниямыздың жұмыскерлері бірігіп атқарған тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде "Жомарт" кенішінде өндірісті қайта бастауға ресми түрде рұқсат берілді. Аталған шешім кенжарлардың жағдайы, қауіпсіздік деңгейі және қызметкерлердің дайындығы жан-жақты сараланған соң қабылданды, - делінген "Қазақмыс" хабарламасында.
Кен орнындағы жұмыстарды қайта бастауға жетекші ғылыми және техникалық ұйымдар тартылған. Мониторинг жүйесі енгізіліп, мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген техникалық шешім әзірленген.
Айта кетейік, 17 ақпанда шахтада жұмысшылар үйінді астында қалып, кейін олардың барлығы мерт болғаны хабарланған еді. Осыдан кейін кен орнында тергеу аяқталғанша өндіріс уақытша тоқтатылған болатын.