454.46
527.72
5.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ЖРВИ өршісе Астанада мектеп оқушылары уақытша үйде оқиды
Жаңалықтар

ЖРВИ өршісе Астанада мектеп оқушылары уақытша үйде оқиды

08.09.2026
мин
0
200

Елордада 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады. Астана әкімдігі тұрғындарды маусымдық аурулардан қорғау шаралары мен мектептердегі шектеу тәртібін жариялады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Екпе кімдерге бірінші жасалады?

Вакцинация ең алдымен қауіп тобындағы азаматтарға жүргізіледі. Бұл тізімге медицина қызметкерлері, созылмалы дертке шалдыққандар, жүкті әйелдер, қарттар, балалар мен арнаулы мекеме тұрғындары енеді. Қалалық емханалар мен ауруханалар науқастар ағынына дайындалып жатыр.

Науқастанғанда қайда жүгіну қажет?

ЖРВИ белгілері байқалған тұрғындар үшін емханаларда фильтр-кабинеттер іске қосылады. Олар жұмыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін, демалыста сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Сондай-ақ үйде көмек көрсететін мобильді бригадалар қарастырылған. Тұмау тиген жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер ерекше бақылауда болады. Ауруханаларда орын жетпей жатса, қосымша инфекциялық төсектер ашу жоспарланған.

Мектептердегі шектеу тәртібі

Білім беру ұйымдарында күн сайын «таңертеңгілік сүзгі» жүргізіледі. Егер бір сыныптағы оқушылардың 30 пайыздан астамы ауырып қалса, соған сәйкес сынып уақытша қашықтан оқытуға ауыстырылуы мүмкін.

Елордалық медицина мекемелерінің эпидемиологиялық дайындығы 10 қыркүйекке дейін толық тексерістен өтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл