476.97
562.59
6.27
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі қайта қаралды: енді не өзгереді?
Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін алу тәртібі қайта қаралды: енді не өзгереді?

14.04.2026
мин
0
694
Сурет: Qazaqstan

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілмек. Енді азаматтар емтиханды ақылы негізде шектеусіз тапсыра алады, ал емтихан жүйесіне жаңа технологиялар енгізіледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңесте жүргізуші куәлігін алу рәсімін жетілдіру мәселелері талқыланды. Жиын барысында емтихан жүйесінің ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және жүргізушілерді даярлау сапасын күшейтуге бағытталған жаңа шаралар бекітілді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде шектеусіз тапсыра алады. Дегенмен әрбір қайта тапсыру әрекетінің арасында кемінде 10 күнтізбелік күн үзіліс болуы тиіс.

Қазіргі қолданыстағы ережеге сәйкес, үміткерлерге үш рет тегін емтихан тапсыру мүмкіндігі берілетін. Алғашқы екі мүмкіндік бір күн аралықпен, үшіншісі 30 күннен кейін ұсынылатын. Бұл мүмкіндіктер пайдаланылған соң қайта оқу міндеттелетін. Енді бұл талап алынып тасталып, рәсім жеңілдетіледі.

Сонымен қатар, Астанада Ұлттық тестілеу орталығы базасында пилоттық жоба іске қосу жоспарланып отыр. Жоба аясында теориялық емтихан кезінде академиялық адалдықты бақылауға арналған заманауи технологиялар сыналады. Болашақта бұл тәжірибені республика бойынша енгізу көзделген.

Атап айтқанда, теориялық сынақ барысында толықтырылған шынайылық (AR) технологиясы, ал практикалық емтиханда компьютерлік көру жүйесі қолданылмақ. Бұл заңсыз құрылғыларды анықтап, емтихан барысындағы тәртіп бұзушылықтарды нақты тіркеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, жүргізуші куәлігін беру процесіне қатысты цифрлық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі күшейтіледі. Олар аса маңызды ақпараттық инфрақұрылым қатарына енгізілуі мүмкін.

Жаңа талаптарға сәйкес, емтихан кезінде микроқұлаққап, микрокамера немесе өзге де байланыс құралдарын пайдаланған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Мұндай жағдайда үміткер теориялық емтихан тапсыру құқығынан бір жылға дейін айырылуы ықтимал.

Сондай-ақ автомектептердің жұмысына қойылатын талаптар күшейтіледі. Олардың қызметі оқыту сапасы мен азаматтардың пікірлері негізінде бағаланатын болады. Алдағы уақытта автомектептерді лицензиялау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Талапқа сай келмеген ұйымдар лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл