Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жүргізушілер «ҚазАвтоЖолдың» жұмысына шағымданды
Жаңалықтар

Жүргізушілер «ҚазАвтоЖолдың» жұмысына шағымданды

24.02.2024
1 мин
4
719
Фото: auto.vercity.ru

Көлік жүргізушілері «ҚазАвтоЖолдың» жұмысы сапасыз екендігін айтып, премьер-министрге шағымданды, деп хабарлайды Dauletten.kz Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы қыстың суығы мен қалың қардың әсерінен тас жолдар дұрыс тазаланбаған, салдарынан жол қозғалысы қиындаған. Осы себепті көлік жүргізушілері «ҚазАвтоЖолдың» жұмысы сапасыз екендігін айтып, премьер-министрге шағым түсірген.

«Жолға қызмет көрсету деңгейі өте төмен. Жолдарды тазаламайды. Нашар жол бөліктеріне арнайы техника бармайды. Жол жапқанды ғана біледі. Содан ұзын-сонар кептеліс пайда болады. Қар құрсауында қалған тасымалдаушылар апталап жолда тұр, бұл жүргізушілер өміріне қауіпті, әрі жанармай көп кетеді, зат діттеген жеріне кешігіп жетеді. Оның үстіне жолда қалғандар қажет өнімдерді өте қымбат сатып алады, мысалы, нан – 1000 теңге, су – 1500 теңге», – делінген Халықаралық автотасымалдаушылар одағының (ҚазАТО) мүшелері премьер-министр мен көлік министріне жолдаған үндеуінде.

Ал «ҚазАвтоЖолдың» айтуынша, Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Қайнар және Аспара кенттері арасындағы жолда ақаулар пайда болған. Аталған учаскеде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жабын мен бетонның қорғаныш қабатының бұзылуы, сондай-ақ бойлық және көлденең тігістер бойында шұңқырлар пайда болған. Мұның бәрі қардың көп түсуі мен ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты. Жолшылар ауа-райы реттелгенде жолдарды жөндеу жұмыстарын бастайтындарын айтып, уәде берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
4 Пікір
Б
Бек 25.02.2024
Ассалаумагалейкум акылы жолга неге биз акша толеп жатырмыз егерде жолы нашар мысалы мен тараз кызылорда журемин бир барып келгеним 20000 тг бирак ол акшага тукке турмаиды жол новый донгелек жарылады ресор сынады еще уят жок тариф кымбаттады Алладан корыкпаима сонда 1 туалетке 50 млн болинген еще платный куик перевал жол жок мулде Шымкент туркестан молчу осынын барин колга алса екен болмаса акылы жолга толемеик далага толеп жатырмыз
Жауап беру
Т
Таңшолпан 24.02.2024
Түркістан-Шымкент жолы да нашарлап кетті.
Жауап беру
Б
Бек 25.02.2024
Мулде жаман еще мал журеди одан калса сергек адамды куидиреди автобан дид мулде уксамаид ауыл арасында жургендеи сезинемиз
Жауап беру
Н
Нұргүл 24.02.2024
Ақтөбе облысының жолдары жүруге мүлдем жарамсыз, халықаралық жолға сай келмейді.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл