Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Жыл басынан бері 1700-ге жуық науқас тіркелді»: Ажар Ғиният қызылшаның қазіргі ахуалы туралы
Жаңалықтар

«Жыл басынан бері 1700-ге жуық науқас тіркелді»: Ажар Ғиният қызылшаның қазіргі ахуалы туралы

09.01.2024
1 мин
0
578
Фото: pixabay.com

Бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаның елдегі ахуалы жайлы айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz. Министрдің сөзінше, 2023 жылдың өзінде отыз мыңға жуық адам қызылша жұқтырған. 

«2023 жылдың қорытындысы бойынша жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты болып қалды. Алдын алу шараларының арқасында 20 аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелген жоқ, олардың арасында оба, тырысқақ және полиомиелит бар. Сондай-ақ 39 инфекция бойынша, оның ішінде коронавирус, ротавирус және жіті ішек инфекциялары бойынша сырқаттанушылық төмендеді. Алдын алу мақсатында өткен жылы қауіп-қатер тобына жататын 2,4 млн адам тұмауға қарсы екпе алды, бұл халықтың 12%-ын құрайды», - деді министр.

Ажар Ғиният жалпы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері стационарларда 31 мыңнан астам науқас емделіп, 2 млн-нан астам науқас амбулаториялық ем алғанын айтты.

«Ел бойынша барлығы 10 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын қойылды, олардың ішінде балалар үшін шамамен 3 мың төсек-орын қарастырылған. 2023 жылдың соңында елде 29 мыңнан астам қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді, оның 80%-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. 1 қаңтардан бастап 1 674 қызылшамен сырқаттанушылық тіркелді. Жағдайды тұрақтандыру үшін өткен жылы жоспар бойынша вакциналау жүргізілді, нәтижесінде алты жасқа дейінгі 700 мыңға жуық бала екпе алды. Бүгінгі таңда қосымша вакциналау аясында 930 мыңнан астам адам екпе алды, күн сайын 20 мыңнан астам адам вакцина алып жатыр», - деді Ажар Ғиният.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл