465.01
543.55
6.15
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жыл басынан бері есірткімен ұсталған шетелдіктер саны белгілі болды
Жаңалықтар

Жыл басынан бері есірткімен ұсталған шетелдіктер саны белгілі болды

06.05.2026
мин
0
51
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстанда жыл басынан бері есірткіге қатысты құқықбұзушылықтарға байланысты ондаған шетелдік азамат ұсталып, бірнеше ірі дерек анықталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде биыл 76 шетел азаматы құрықталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, ұсталғандардың бір бөлігі есірткіні өткізуге, оны ел аумағына заңсыз жеткізуге және аса ірі көлемде сақтауға қатысы бар деген күдікке ілінген. Қазір аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жекелеген жағдайларға тоқталсақ, Қарағанды қаласында синтетикалық есірткі өндірісін қашықтан басқарды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген азамат қолға түскен.

Ал Астана қаласында жалдамалы пәтерден есірткі заттарының ірі партиясы тәркіленді. Алматы қаласында да шетелдік азаматтан синтетикалық есірткі табылған.

Сонымен қатар, Ақтау қаласында жас азаматтың есірткіні жасырын тарату ісіне қатысы бары анықталды.

Құзырлы органдар мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл