Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жыл басынан бері зейнеткерлерге 395 млрд теңге төленді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері зейнеткерлерге 395 млрд теңге төленді

18.02.2026
мин
0
139
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстанда зейнетақы төлемі 395 млрд теңгеге жетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері ел азаматтарына 395 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді. 2026 жылдың 1 ақпанындағы дерек бойынша, зейнеткерлер саны 2 млн 538 мың адамға жетіп отыр.

Мемлекеттік төлемдердің ішінде базалық зейнетақыға 131,3 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға 263,9 млрд теңге бағытталған. Бұл – әлеуметтік міндеттемелердің тұрақты орындалып жатқанын көрсетеді.

Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрады. Сарапшылардың айтуынша, зейнетақы көлемінің кезең-кезеңімен артуы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың нәтижесі.

Айта кетейік, зейнетақы төлемдері республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индекстеліп отырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл