| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясын толықтырып, мырышқа арналған «Zn (Мырыш)» атты жаңа коллекциялық монетаны көпшілікке таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банк «Zn (Мырыш)» атауымен жаңа коллекциялық монетаны сатылымға ұсынды. Бұл — еліміздің пайдалы қазбаларына арналған «Қазақстанның жер қойнауы» сериясының кезекті шығарылымы.
Монета 925 сынамалы күмістен дайындалып, мырыш қондырмасымен толықтырылған. Оның салмағы 32,5 грамм, диаметрі 38,61 миллиметр. Номиналдық құны — 1 000 теңге.
Жаңа коллекциялық өнімнің таралымы 2 000 дана ғана. Осыған байланысты монета нумизматтар мен коллекционерлер үшін ерекше құндылыққа ие. Ұлттық банктің мәліметінше, монета инвестициялық әрі сыйлықтық мақсатқа да жарамды.
Айта кетейік, «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы Қазақстан аумағындағы табиғи ресурстарды насихаттауға бағытталған және бұған дейін бірнеше металл түріне арналған монеталар шығарылған.