| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық саясатын жетілдіру және кәсіпкерлерге түсетін жүктемені оңтайландыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ ол дәулетті азаматтар үшін жоғары салық мөлшерлемесін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттің айтуынша, салық жүйесі кәсіпкерліктің дамуына, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға кедергі келтірмеуі керек. Осыған байланысты жаңа Салық кодексіндегі бизнес өкілдеріне қиындық туғызатын нормаларды қайта қарау мәселесі өзекті болып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеріп, салық заңнамасына қажетті өзгерістер енгізу керектігін атап өтті.
Мемлекет басшысы бұған қоса, табысы мен байлығы жоғары азаматтарға қатысты салық мөлшерлемесін көтеру мәселесін талқылауға назар аударды. Бұл бағыттағы ұсыныстарды қарастыру салық саясатын одан әрі жетілдіру аясында маңызды мәселелердің бірі болмақ.