441.91
499.05
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
40 млрд теңгенің есірткісі: Қарағандыда трансұлттық топ құрықталды
Жаңалықтар

40 млрд теңгенің есірткісі: Қарағандыда трансұлттық топ құрықталды

01.10.2026
мин
0
95
Сурет: видеодан скриншот

Қарағанды облысында трансұлттық қылмыстық топтың ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Арнайы операция барысында 40 миллиард теңгеге бағаланатын, 2 тоннаға жуық мефедрон өндіруге жететін шикізат пен өнеркәсіптік жабдықтар тәркіленіп, екі күдікті қамауға алынды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ауқымды операцияны Қарағанды облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҰҚКД және прокуратура қызметкерлері бірлесе жүргізді. Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар Қазақстан мен көршілес мемлекеттер аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттар дайындап, өткізуді көздеген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 48 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Полиция мәліметінше:

 48 жастағы күдікті – топтың ұйымдастырушылық мәселелеріне жауап беріп, жаңа қатысушыларды тартқан және олардың әрекетін үйлестіріп отырған;

 28 жастағы күдікті – зертхана жұмысын тікелей басқарып, есірткі дайындау тәсілдерін үйреткен.

Тінту кезінде зертхана аумағынан 16 тонна сұйықтығы бар 50 тонналық өнеркәсіптік цистерна, тонналық екі ыдыс және химиялық заттар құйылған канистрлер мен қаптар табылды.

Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмагуловтың айтуынша, цистернадан алынған сынама сараптамасы оның құрамында мефедрон бар екенін растады.

Мамандардың алдын ала есептеуінше, зертханадан табылған шикізаттан 2 тоннаға дейін дайын мефедрон (шамамен 2 миллион бір реттік доза) өндіруге болатын еді. Оның заңсыз нарықтағы бағасы 40 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта екі күдікті де соттың санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық топтың өзге де қатысушыларын, шикізат жеткізу арналары мен байланыстарын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл