Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыдағы апат: Автобус жүргізушісін ұрған жолаушы ұсталды
Жаңалықтар

Алматыдағы апат: Автобус жүргізушісін ұрған жолаушы ұсталды

22.12.2023
1 мин
3
1842
Фото: kris_p_almata

Алматы полиция департаментінің өкілдері №7 аурухана маңында болған оқиғаның жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Алматы қалалық полиция департаменті бүгін, 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - "ДуманТрансКом" ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғанын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын хабарлайды", - делінген хабарда.

Бақылаусыз қалған қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатқаны айтылады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері зардап шеккендердің жағдайын айтты.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам зардап шекті. Үшеуі жедел медициналық көмек келгенге дейін қаза болды. Үш ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы диагноздары қойылды, бір науқаста сол жақ жамбасы сынған. Төртінші жәбірленуші, 15 жастағы бала №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды, диагнозы: сол аяқ сүйектерінің сынуы. Барлық зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек, оның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі", - деліген басқарма хабарында.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
3 Пікір
Ж
Жанар 23.12.2023
Агрессивный адамдар көп қазір. Алла сабыр берсін????????
Жауап беру
Н
Назгуль 22.12.2023
Жүргізушіні ұрған неме сотталсын, соның кесірінен барі.
Жауап беру
Ж
Жайсан 22.12.2023
Ооо Алла не болып барады жургізушіде несі бар қаншама адамнын ажалына себепші болды оңбаған
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл