Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Анемия дертінің белгілері қандай? - маман айтып берді
Маман пікірі

Анемия дертінің белгілері қандай? - маман айтып берді

24.11.2022
1 мин
0
3721

Қаназдық ауруы тұқым қуалауы мүмкін.

Анемия – ағзада қанның қызыл элементтері – гемоглобин мен эритроциттің азаюы. Ағза жасушаларына қажет барлық элемент осы қан арқылы тасымалданады. Ал оның аз болуы әлсіздік, шаштың түсуі, ұйқының қанбауы сынды белгілер арқылы көрініс табады. Осы орайда, дәрігер Қуанышбек Дәулетбаев ағзадағы қан аздығы себептерін атады. Айтуынша, анемияны үй жағдайында емдеу аса қауіпті, себебі темірдің шектен тыс мөлшері өлімге әкеліп соғуы мүмкін. 

Қаназдықтың негізгі белгілері:

  • әлсіздік пен энергияның аз болуы, үнемі ұйқының қанбауы;
  • шаштың түсіп, тырнақтың сынуы;
  • адамның психологиялық денсаулығының нашарлауы. Жаңа бір істі қолға алайын десе, зауқы болмайды;
  • тіндік гипоксия – ағзаға оттегінің жетіспеуі. 

Адам ағзасындағы гемоглобинның нормасы қандай?

  • ер адамдарда – 130-155;
  • әйелдерде – 120-145;
  • жүкті әйелдерде – 120-дан кішкене төмен болады;
  • балаларда – 110-135.

"Анализ тапсырған кезде гемоглобин мөлшері 50-100 болса, бұл қан аздығын білдіреді. Ары қарай анемияның себебін анықтау қажет. Мысалы, көліктің багы тесік делік. Осы бұзылып тұрған көлікке АИ-98 бензинін құйсақ та, ол жүрмейді. Екінші жағынан ақауы жоқ көлікке керісінше сапасыз бензин құйылуы мүмкін. Осы секілді анемияның нақты себебін анықтау маңызды. Бұл мысалдар ағзада геморрой, ішек пен асқазаннан қан кету, асқазан ойық жарасы арқылы көрініс табады. Мұндағы бензин деп отырғаным – тамақ өнімдері. Өкінішке орай, қазір қазақстандықтар жартылай фабрикат өнімдерін, көшеде дүңгіршекте сатылатын бәліш пен самса секілді тағамдарды көп тұтынады. Керісінше ет, көмірсу, майдан бас тартпау керек. Бұлар алиментарлық анемияның алдын алуға көмектеседі", – деді Қуанышбек Дәулетбаев. 

Дәрігер қан аздығын анализ қорытындысы шыққан соң, маманмен кеңесе отырып қана емдеу қажеттілігін айтады. Анализдер келесі себептерге байланысты теріс қорытынды беруі мүмкін:

  1. Сырттан темір түспейді немесе түскен темір дұрыс игерілмейді. Бұл үшін дәрігер арнайы препараттар тағайындайды.
  2. В12 дәруменінің тапшылығы. Бұл анемия аяқта құрт-құмырсқалар жүргендей, тіл мен ерін қабынуымен көрінус беруі мүмкін. Дәрігер бұл үшін цианокобаламин деңгейін тексереді. Ол қалпына келген сайын атрофиялық гастрит те қатар емделеді.
  3. В9 дәруменінің жеткіліксіздігі және тұқымқуалаушылық. Әдетте жаңа туған балаларда бірден байқалады – сарғайып кете береді. 

"Анемияның қай түрін болсын үйде емдемеген абзал. Өйткені, темірдің ағзада көп болуы адамды өлімге алып келеді", – деп ескертті Қуанышбек Дәулетбаев. 

 

informburo.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл