| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда келер жылдың 1 қаңтарынан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінің 77 мыңнан астам қызметкеріне жаңа үстемеақы төлене бастайды. Айлыққа қосылатын үстеме мөлшері маманның еңбек өтіліне тікелей байланысты болады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елдегі медицина саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мақсатында жаңа төлем жүйесі енгізіледі. Ол ең алдымен халықпен тікелей жұмыс істейтін учаскелік дәрігерлер мен медициналық персоналды қамтымақ.
Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген тәртіп бойынша, қосымша үстемеақы үздіксіз еңбек өтілі бар мамандарға беріледі. Үстемеақының мөлшері мынадай тәртіппен есептеледі:
2 жылдан астам үздіксіз өтілі барларға – лауазымдық жалақысының 20%-ы;
3 жылдан астам өтілі барларға – лауазымдық жалақысының 30%-ы;
5 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға – лауазымдық жалақысының 50%-ы қосылады.
Аталған бастама алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мамандардың ынтасын арттырып, саладағы кадр тапшылығын азайтуға бағытталған.