453.64
508.17
5.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтардың банк аударымдарын тексеру тәртібі өзгереді
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың банк аударымдарын тексеру тәртібі өзгереді

02.11.2026
0 мин
0
353
Сурет: finratings

Қазақстанда жеке тұлғалардың мобильді аударымдары арқылы кәсіпкерлік табысты анықтауға арналған шекті сома 360 АЕК-ке дейін көтерілді. 2026 жылғы мөлшермен бұл – 1 миллион 557 мың теңге. Алайда салық органдары азаматтың аударымдарын тексеруі үшін екі талап қатар орындалуы қажет, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банк шоттарына түсетін аударымдарды бақылау тәртібіне өзгеріс енгізді. Жаңа ереже бойынша, үш ай ішіндегі аударымдардың жалпы сомасы 360 айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда ғана емес, ақша жіберушілер санына қатысты талап та сақталуы керек.

Бұған дейін кәсіпкерлік табысты анықтауға арналған шекті көрсеткіш айына 12 ең төменгі жалақы мөлшерімен есептелген. Ол шамамен 1 миллион 20 мың теңгені құраған.

Енді үш ай қатарынан түскен аударымдардың жалпы сомасы 360 АЕК-тен, яғни 2026 жылы 1 миллион 557 мың теңгеден асуы тиіс.

Салық органдары қандай жағдайда тексереді?

Азаматтың мобильді аударымдарына қатысты мәліметтерді салық органдарының қарауына жіберу үшін екі шарт бір мезгілде орындалуы қажет:

  • Үш ай қатарынан әр айда жеке тұлғаның шотына 100 немесе одан да көп түрлі адамнан ақша түсуі керек.
  • Осы үш айдағы аударымдардың жалпы сомасы 360 АЕК-тен асуы қажет.

Яғни аударымдардың жалпы көлемі белгіленген шектен асып кеткені өздігінен тексеруге негіз болмайды. Ақша жіберушілер санына қатысты талап та орындалуы тиіс.

Туыстардың аударымдары есепке алына ма?

Туыстардың бір-біріне жіберген жеке аударымдары кәсіпкерлік табыс болып саналмайды. Сондықтан мұндай қаражат мобильді аударымдарды тексеру кезінде кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде есептелмейді.

Жаңа тәртіп 11 қарашадан бастап күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл