Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Ақтөбе” футбол клубында 250 миллион теңге көлемінде қаржы тәртібін бұзу фактілері анықталды
Жаңалықтар

“Ақтөбе” футбол клубында 250 миллион теңге көлемінде қаржы тәртібін бұзу фактілері анықталды

30.04.2025
1 мин
0
152
Сурет: Pixabay

“Ақтөбе” футбол клубының қызметіне байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақтөбе облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Бас прокуратураның тапсырмасымен “Заң және Тәртіп” тұжырымдамасы аясында клуб қызметі тексерілген.

Нәтижесінде 250 миллион теңге көлеміндегі қаржылық заңбұзушылықтар әшкереленді. Олардың қатарында футболшылардың трансферіне және әуе тасымалына қатысты күмәнді келісімдер бар. Бұдан бөлек, ойыншылардың тамақтануына арналған қаражат клуб қызметкерлерінің жеке мақсаттарына жұмсалғаны белгілі болды.

Тексеру қорытындысы бойынша облыстық прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (сеніп тапсырылған ірі көлемдегі мүлікті иемдену), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша үш қылмыстық іс қозғады.

Аталған істер тергеу жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Прокуратура істердің тергелу барысын өз бақылауына алған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл