Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінің мәселесі
Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінің мәселесі

27.02.2024
1 мин
0
202
Фото: islam.kz

Ақтөбе облысындағы экологиясы нашар аудандардың бірі – Шалқар қаласы.

Жыл санап тартыла берген Шалқар көлінің табаны тазартылмаған. Салдарынан түбі батпақ пен шөгінділермен толып, су айдынында ну қамыстың өсуі көлдің экологиялық жағдайын одан әрі нашарлатқан. Жиналған лай және басқа да қалдықтар көл табанын таяздандырып, су астындағы оттегі мөлшерін азайтып, сапасын төмендеткен.

Шалқар көлінің суы Мұғалжар тауларынан бастау алатын Қауылжыр өзенінен толығады. Соңғы жылдары қиыршық тас зауыттарының әсерінен өзен ағыны кеміп, көлдің су деңгейі төмендеген. Ал лайланудың себебі бұлақ көздерінің жабылуы мен зауыттардан шыққан шаңның көлге жиналуы.

Қазіргі таңда Шалқар көлінің табанын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба қаржыландырылып, көлдің экологиялық жағдайын жақсарту және Шалқар қаласын сумен қамтамасыз ету мақсатында тазарту жұмыстары басталған. Жұмыстардың мақсаты – су сапасын жақсарту және көлдің гидробиологиялық құрамын сақтау.

Өңір тұрғындары да бұл мәселенің талай жылдан шешімін таппай келе жатқанын айтып наразылықтарын білдірді.

Көлдің тартылып бастағанына бірнеше жылдың жүзі болды. Су тартылған сайын, орнында сор пайда болады. Ол жел болса, ұшып мазаны алады. Ауаның ластануы деген осы емес пе? Тыныс жолына қатысты көптеген аурулар пайда болып та жатыр. Жылда көктем келгенде су толады біраз. Көл көл болып суы толып тұрғанға не жетсін, - деді шалқарлық тұрғын Айзат Болатбекова.

Экологиялық мәселеге қатысты оң өзгеріс те жоқ емес. 2022 жылдың аяғынан бері көлдің су көлемінің үш есе ұлғаюы байқалған, бұл өңірдегі су қорын жақсарту жөніндегі шаралардың бір бөлігі. Бір жыл бұрын Шалқар көлінен 3 млн текше метр лай шығарылуы тиіс екені хабарланған еді. Тұрғындар сордың бетін топырақпен көміп беруді өтінген. Бұл да уақытылы жасалған жұмыс нәтиже әкелетінінің бір дәлелі. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл