467.48
539.52
5.73
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Арнаулы мемлекеттік қордан СҚО-дағы су құбырларын жаңғыртуға 2,7 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар

Арнаулы мемлекеттік қордан СҚО-дағы су құбырларын жаңғыртуға 2,7 млрд теңге бөлінді

06.08.2026
мин
0
119

Арнаулы мемлекеттік қордан СҚО-дағы су құбырларын жаңғыртуға 2,7 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жөніндегі тапсырмаларын, оның ішінде елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асыруды жалғастыруда. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын реконструкциялауды аяқтауға 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Преснов топтық су құбырын реконструкциялау жалпы саны 34,5 мың адам тұратын Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы 43 елді мекенді сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінде 171 шақырым магистральдық су құбыры мен тарату желілері, сондай-ақ 46 шақырым ауылішілік су желілері тартылды. Суды жинақтауға, таратуға және қажетті су қысымын қамтамасыз етуге арналған қысым реттегіш құрылыстарын салу және жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Соколов топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстары Қызылжар ауданындағы жалпы саны 4 мыңнан астам адам тұратын 10 ауылды қамтиды. Жоба аясында 59 шақырым тарату желісі мен 77 шақырым ауылішілік су желісі салынады.

Преснов және Соколов су құбырларын пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Нәтижесінде жүйенің сенімділігі артып, су тасымалдау кезіндегі шығындар қысқарып, жоба қамтыған елді мекендердің тұрғындарына ауыз суды жеткізу сапасы жақсарады.

Солтүстік Қазақстан облысында еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары желісі орналасқан – оның ұзындығы 3 мың шақырымнан асады және ол жалпы саны 175 мың адам тұратын 229 ауылды сумен қамтамасыз етеді. 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қордан аталған инфрақұрылымды дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 48 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл