453.65
509.99
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда әуе таксиі іске қосылатын уақыт белгілі болды
Жаңалықтар

Қазақстанда әуе таксиі іске қосылатын уақыт белгілі болды

06.10.2026
мин
0
224
Сурет: Kazakhstan Today

Қазақстанда аэротакси қызметін енгізу жоспарланып отыр. 2028 жылы Астана, Алматы және Қосшы қалаларында әуе таксилерімен коммерциялық ұшуларды бастау көзделген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда әуе такси қызметін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жобаның кезеңдері туралы айтты.

Министрдің сөзінше, қазір елде ұшқышсыз көлік пен төмен биіктікте ұшу технологияларын дамытуға басымдық беріліп отыр. Астана, Алматы және Қосшы қалаларында ұшқышсыз такси қызметін сынақтан өткізуге бағытталған жобалар жүзеге асуда.

Сонымен қатар Алматыда дрондардың көмегімен тауар жеткізу технологиясы да сынақтан өтіп жатыр.

Жоба бірнеше кезең бойынша іске асырылмақ. 2027 жылы коммерциялық сапарларды бастау және дрондар арқылы жеткізу қызметін кеңейту жоспарланған. Ал 2028 жылы аэротаксимен коммерциялық жолаушы тасымалын іске қосу көзделіп отыр.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жобаны жүзеге асыруда ұшу қауіпсіздігі мен қажетті инфрақұрылымды дайындау басты назарда болады.

Ал әуе такси қызметінің бағасы әзірге белгісіз. Жасанды интеллект вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев тариф нақты пилоттық жобаның нәтижелері негізінде анықталатынын айтты.

Оның сөзінше, алдымен аэротакси үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастырылып, ұшу қауіпсіздігі мен жолаушы тасымалын реттейтін құқықтық база әзірленуі керек.

Айта кетейік, 2026 жылдың мамыр айында Алатау қаласында Қазақстандағы алғашқы аэротаксилердің сынақ ұшулары өткен болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл