Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты
Жаңалықтар

Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты

23.01.2023
1 мин
19
3990

Адвокат Сержан Пралиев атыраулық Ербол М.-ның өз-өзіне қол жұмсауына сексуалдық зорлық-зомбылық себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еске салсақ, 2022 жылғы 19 тамызда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Шөлдала» шекара бөлімінде атқорада Атыраулық қатардағы мерзімді әскери қызметші, 2004 жылы туған Ербол М. шалбар белбеуіне асылған күйінде табылған еді. 

ІІМ Оңтүстік өңірі бойынша Әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бірінші нұсқа қызбен жанжал болған, кейін ол расталмады. Содан кейін шекара бөлімінде бөлім командирі Айбек Нұртаев қатардағы жауынгерді балағаттап, қорлап, соққыға жыққанын, соның кесірінен асылып өлгенін айтқан куәгерлер табылды. 2022 жылдың 24 тамызында бөлім командирі қамауға алынып, оның үстінен «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алайда сот-медициналық сараптамадан кейін марқұмның ауыз қуысы мен киімінен өзіне тиесілі емес шәует(сперма) іздері табылғаны белгілі болды.

Сержан Пралиевтің айтуынша, оның әріптестері Ерболға қатысты ұялы телефонға түсірілген сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауы мүмкін. Осыдан кейін әскерге шақырылған жігіт ұят пен қорлыққа шыдай алмай, асылып өлді. Бұл әскерилер қазіргі уақытта айыптау тарапының куәгерлері.

Осының бәріне қарамастан, Қарулы Күштерінің Тараз қалалық департаменті мен Оңтүстік облыс прокуратурасының тергеушілері бұл нұсқаны қарастырғысы келмей, Нұртаевтың билігін асыра пайдаланғанын алға тартып отыр.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
19 Пікір
Ж
Жаныл 24.01.2023
Киналилер жазасын алса екен Алладан корыкпайды екен
Жауап беру
З
Зульфия 23.01.2023
Адам азған,нәпсінің құлы,алладан қорқпайтын адамдар екен.
Жауап беру
М
Меруерт 23.01.2023
Масқара не сұмдық мынау осыдан кейін кім ұлын жібергісі келеді. Адам емес айуан шығар олар. Алла жазасын берсін ақымақтардың
Жауап беру
М
Мөлдір 23.01.2023
Осындай сұмдықтарды есітіп отырып қалай жібереміз ұлымызды мынау масқара ғой. Не қарап отыр басшылары....
Жауап беру
Ж
Жансая 23.01.2023
Туалет душка дейн камера койылсын
Жауап беру
Г
Гульжанат 23.01.2023
Мынадан кейин калай улымды калай армияга бересин.
Жауап беру
Ф
Фатима 23.01.2023
Неге салдыныз? Ата анасы елдин бетине калай карап журеди? Жартялайтын нарсема осы? Неге уялмайсыздар?
Жауап беру
Ж
Жанар 23.01.2023
Әскерге баруды тоқтатайық бір ауыздан!тоғыз ай көтеріп бағып өсіріп, осы ушын жіберемізбе әскерге қамаса қамасын басқа амал жоқ әскерге қалай жібереміз баламызды
Жауап беру
А
Алия 23.01.2023
Мына аюандарды бар ғой білмеимін мына топас үкімет санасыз жемқор билік не қарап отыр осыдан кейін қалаи жібересің балдарды әскерге өлтіру керек ату жазасын берсін ???? химиялық кастрация жасасын халықтың алдына шығарып өлтірсін мен бұларды қатаң түрде жазалау керек бұлаи қалдырмау керек басқа қанышерлерге сабақ болсын осындай военный маньяк адамдарға ату жазасын берсін заң президентіміз осындай маньяк убицаларға педофильдарға ату заңын шығару керек деп ойлаймын сонда басқа топастарға сабақ болсын
Жауап беру
А
Акмарал 23.01.2023
Мынадан соң ,ұлымды әскерге жібермеймін.
Жауап беру
Е
Ертаева Жансая 23.01.2023
Масқараааа.Қатал заң жоқ бардак болып кетті.Ертенгі кунді оиласам қорқамын ұл қыз өсіріп отырмыз бәріміз де.Өңшең педофил мен жауыздарға толы қоғам
Жауап беру
23.01.2023
Алла жазаларын берсін аларымызды қалай жібересіз мынаған кейін алла сақтасын
Жауап беру
А
Асем 23.01.2023
Осындайларды естіп отырып балаңды қалай әскерге жібересің. Ойласам жүрегім ауырады. Қатыгез адамдар көбейіп кеткен заманда.
Жауап беру
Н
Наушан 23.01.2023
Дұрыс айтасыз,ондай іс -әрекет жасап жүрген адам ауру ғой
Жауап беру
Н
Назира 23.01.2023
Әстағфируллах. Не деген сұмдық. Аллам сабыр бере гөр.
Жауап беру
Н
Назерке 23.01.2023
Армиядағы өлім қорлық зорлық қашан бітеді неге еш жерде камера жоқ яғни дәлел,адамның кауіпсіз болуына қашан кепіл береду бұл басшылар ????????
Жауап беру
К
Көзгилова Қамажай 23.01.2023
Осы әскерде неге тәртіп орнатпайды, әлім жеттік деген қашан тоқтайды, әскер деген Халықтың баласы?
Жауап беру
Д
Дана 23.01.2023
Астагфиралла, недеген имансыздык, оздеринде бала жокпа, хайуанда жасамайдыгой бул исти
Жауап беру
Ж
Жансая 23.01.2023
Аллахка тапсырдым барин Аллах коруши
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл