456.89
531.36
5.32
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұзақ жолдағы басты мәселе шешіле ме? Интернет қосылатын бағыттар анықталды
Жаңалықтар

Ұзақ жолдағы басты мәселе шешіле ме? Интернет қосылатын бағыттар анықталды

09.09.2026
мин
0
173
Сурет: Sputnik Kazakhstan

Қазақстан пойыздарында жоғары жылдамдықты Starlink интернеті пайда болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Енді пойызда жол жүріп бара жатып та видео көріп, жұмыс істеуге болады: «Қазақстан темір жолы» жолаушылар үшін Starlink спутниктік интернетін іске қосты. Бүгінгі таңда заманауи байланыс жүйесі еліміздің 31 бағыты бойынша қатынайтын 59 пойыз құрамында қолжетімді.

Қазақстанда теміржол жолаушылары үшін сапар кезіндегі басты қолайсыздықтардың бірі жойылмақ. Қала арасында қатынайтын пойыздарда Starlink спутниктік интернет желісі толықтай жұмыс істей бастады.

Қазіргі уақытта жаңа технологиямен 770-тен астам вагон жабдықталған. Жолаушылар сапар бойы мессенджерлер арқылы хабарласып, әлеуметтік желілерді толыққанды пайдалана алады.

Спутниктік интернет қосылған негізгі бағыттар:

 Астана (Нұрлы жол) бағытынан: Алматы, Өскемен, Орал, Петропавл;

 Алматы бағытынан: Өскемен, Ақтөбе (Ақтөбе – Алматы-1), Павлодар;

 Өңіраралық маршруттар: Қызылорда – Семей, Маңғыстау – Ақтөбе, Орал – Маңғыстау, Ақтөбе – Қазалы, Ақтөбе – Атырау.

Жоба аясы мұнымен шектелмейді. Ағымдағы қыркүйек айының соңына дейін спутниктік байланысты 50 бағыттағы 124 пойызға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл дегеніміз — ел бойынша 1 235 вагон жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады деген сөз. Жолаушыларға арналған базалық интернет пакеті тегін ұсынылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл