Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспана нарығында қандай өзгеріс бар?
Баспанаға бағыт

Баспана нарығында қандай өзгеріс бар?

10.10.2023
1 мин
0
4504

Тұрғын үй нарығындағы өзгерістер жайлы Ұлттық статистика бюросы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz 

Атап айтқанда, биылғы және былтырғы қыркүйек аралығындағы бағаны салыстырғанда:

  •         жаңа тұрғын үйлерді сату 5,7% қымбаттады,
  •         пәтерлерді қайта сату 3,9% арзандады,
  •         абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу 0,2% төмендеді.

Жаңа салынған үйлер едәуір қымбаттаған өңірлер:

  •         Павлодар – 18,9%,
  •         Семей – 16%,
  •         Ақтау – 11,7%.

Қолданыстағы баспана бағасы ең көп көтерілген қалалар:

  •         Семей – 25,3%,
  •         Қызылорда – 14,6%,
  •         Талдықорған – 9,7%.

Жалға берілетін баспана құны қымбаттаған қалалар:

  •         Қарағанды – 24,8%,
  •         Қонаев – 24,6%,
  •         Қызылорда – 22,5%.

Жалпы, тұрғын үйді алып-сату бойынша биылғы қыркүйек айында 35 398 мәміле жасалған. Оның ішінде жеке үйлер – 8 815, көппәтерлі үйдегі баспана – 26 583. 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда (38 810) үй нарығындағы мәмілелер саны 8,8% азайған.

Үй саудасы Астана (6 731 – 19%) және Алматы (6 436 – 18,2%) қалалары мен Қарағанды облысында (3 041 – 8,6%) көп болған. Баспана ең аз сатылған өңір – Ұлытау, 319 бірлік (0,9%).

Биылғы қыркүйекте баспананы сату-сатып алу келісімдері былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 2,3% азайған, ол кезде 36 241 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Түркістан облысында (26%) тіркелді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында баспана саудасы керісінше, артқан (22,1%).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл