Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл 1600 отбасы атаулы көмек алады
Жаңалықтар

Биыл 1600 отбасы атаулы көмек алады

29.01.2022
1 мин
4
2206

Солтүстік Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайып келеді. Биыл 1600 отбасы 930 млн теңгеге атаулы көмек алады. Былтыр 10 мыңнан астам адамға қолдау көрестілсе, биыл олардың саны 7 100 шамасында.

 

СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа табыс өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен болғанда төленетін уақытша қаржылық қолдау. Былтыр өңірде 10 326 адам немесе 2470 отбасы көмек алды. Оларға жалпы сомасы 704,9 млн теңге төленді. Бұл – 2020 жылғы алушылар санынан 6,5% аз. Ал биыл 7157 азаматты немесе 1602 отбасын қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа 930,1 млн теңге жұмсалмақ.

«Бағдарламаның мақсаты – табысы аз азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары есебінен еңбек етуге ынталандыру. Осыған байланысты, еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне қойылатын талаптар күшейтілді, мысалы, ұсынылған жұмыстан бас тартқан немесе әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындамаған жағдайда отбасының барлық мүшелері қолдау алу құқығынан айырылады», - басқарма мамандары.

Былтыр облыстың аз қамтылған 671 тұрғыны жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналастырылғандары да бар. Бұдан басқа қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орны, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, жастар тәжірибесі, сондай-ақ бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар беру, ара шаруашылығы, құс шаруашылығы, мал шаруашылығы, тігін ісі, жиһаз жасау, қызмет көрсету саласы және өзге де бағыттар бойынша жәрдем беріледі. Жұмыспен қамту шаралары нәтижесінде 600-ден астам отбасының материалдық жағдайы жақсарды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жеке куәлікпен ауылдық округ әкіміне, тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге немесе egov.kz. «Электрондық үкімет» порталы арқылы өз бетінше өтініш беруге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
С
Светкул 30.01.2022
Менин улкен улыма уй алып берсемба деп едим
Жауап беру
Айнур 30.01.2022
Жұмыссыздыққа документ тапсырғанбыз жұмыс тауып бере алады ма?
Жауап беру
С
Сусанна 30.01.2022
Еее қағаз жузинде бари кушти. Адамдардың жағдайы да, дакументке тапсыру да бари оңай
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл