Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балаға памперс кигізетін аналар нені білуі тиіс?
Маман пікірі

Балаға памперс кигізетін аналар нені білуі тиіс?

07.12.2022
2 мин
1
15916

Дерматит себебі – гигиена талаптарын сақтамау, жөргекті сирек ауыстыру, жиі кіші дәретке шығу, баланың жуынатын заттарын дұрыс таңдамау.

Халық "памперс" атап кеткен бір реттік жөргек пайда болғалы аналардың қолы ұзарып, жұмысы жеңілдеді. Алайда, жөргекті дұрыс кигізбеу, жиі ауыстырмау баланың терісіне зиян. Осы орайда YouTube арнасында ана мен бала денсаулығы туралы пайдалы ақпарат бөлісетін дәрігер Айзада Нұрулланың жөргектік дерматиттің алдын алу және емдеу тәсілдері жайлы кеңесін ұсынамыз.

Себептері. Жөргектік дерматит бір жасқа дейінгі балаларда жөргек киілген аймақта дамитын дерматит түрі. Оның себептері – гигиена талаптарын сақтамау, жөргекті сирек ауыстыру, жиі кіші дәретке шығу, диарея, баланың жуынатын заттарын дұрыс таңдамау. Антибиотиктермен емдегеннен кейін жасанды тамақтандыру себебінен де жөргектік дерматит пайда болады. Жөргектер жиі ылғалды дұрыс сіңірмейді, нәтижесінде терінің беткі қабаты – эпидермисі жұмсарады және тері қажалады. Терінің қорғаныш барерьлік қызметі төмендейді. Зақымдалған теріге нәжіс зәр тез өтеді. Инфекция түсіп, дамиды.

Клиникалық көріністері. Жөргектік дерматиттің үш сатысы бар:

  • бірінші сатысы жеңіл түріннде жөргек аймағында қызарулар байқалады;
  • екінші сатысы орташа түрінде қызарулар, қанық қызыл түсті папулалар, яғни іріңсіз бөртпелер өте көп. Кей жерлерде эрозиялар (жалақ жаралар) пайда болады;
  • үшінші сатысында эрозия көлемі ұлғайып, сан, жамбасқа дейін таралады.

Емі. Жөргектік дерматиттің сатыларына қарай ем жасайды. Алғашқы сатысында үй жағдайында ем жасап, оның алдын алу. создырып алмау, яғни созылмалы дерматитке ауыстырып алмау керек. Емі – гигиена талаптарын сақтау, жөргекті ауыстыру, дерматит жазылғанша мейілінше жөргек кигізбеу керек. Жиі жуындырып құрғатып, яғни ауа ваннасын жасау керек. Бастапқыда гигиена талаптарын қатаң сақтаса, толық жазылып кетеді.

Ойылу, қызару болса баланың бұтын итошаған, түймедақ тұңбаларымен жуу керек. Күніне бір-екі рет ауа ваннасын жасап, жөргек кигізбей құрғақ күйінде ұстау қажет.

"Мырыш жақпа майы" секілді құрамында мырыш бар жақпа майлар жағамыз. "Судокрем", "Деситин", "Мырыш пастасы" да жатады. "Бепантен" мен "Пантенолға" қарағанда "Аквален", "Эплан", "Прополис" жақпа майлары жақсы көмектеседі. "Бепантен" мен "Пантенол" құрамында парафин болғандықтан кеңес бермеймін. Жұмсақ парафин тері қабаттарын бітеп, терінің тыныс алуына кедергі келтіреді және жара жазылуын кешеуілдетеді. "Присыпка" қолдануға кеңес бермеймін, оның құрамында белгісіз косметикалық зат пен тальк бар. Ем қолданған соң үш күнде дәрі-дәрмек әсер етпесе, қызарулардың көлемі ұлғайып, сан мен ішке де жайылса, ірің көпіршік жара пайда болса, саңырауқұлақ пен бактериялар пайда болып дерматит асқынуы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралып, оның нұқсаулығымен "Гидрокортезон" жақпа майын қолдану керек", – дейді дәрігер Айзада Нұрулла.

Бала терісі ересектермен салыстырғанда өте нәзік. Жарақаттанып қалу мүмкіндігі де жоғары. Тері, теріасты май қабаттары, тер шығарушы бездері әлі толық дами қоймаған. Терісінде майда қантамырлары молынан шоғырланған. Бала терісінің өткізгіштігі жоғары болғандықтан оған көп көңіл бөліп, таза ұстау шарт. Жөргекті мұқият таңдаған жөн.

Дәрігер кез келген жақпа май, кремді қолдана беруге болмайтынын айтып отыр. Құрамында зиянды заттар бар жақпа майлар теріні зақымдап қана қоймай, қанға тез араласып балада аллергия тудыруы мүмкін. 

 

informburo.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл