441.91
499.05
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігіне армияны келісімшарттық негізге көшіру бойынша петиция жолданды
Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігіне армияны келісімшарттық негізге көшіру бойынша петиция жолданды

01.10.2026
мин
0
92
Сурет: Kazakhstan Today

Қоғам белсендісі Әсел Фролова Қорғаныс министрлігіне петиция жолдап, Қазақстан армиясын мерзімді әскери қызметтен кезең-кезеңімен толық келісімшарттық жүйеге көшіруді талап етті. Автордың айтуынша, бұл сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, армияның кәсібилігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Dauletten.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Петиция авторы әскердегі жиілеп кеткен қайғылы оқиғалар мен төтенше жағдайлар қолданыстағы міндетті әскери борыш жүйесін түбегейлі реформалау қажеттігін дәлелдейді деп есептейді. Ол Ата Заңда адам өмірі ең қымбат қазына ретінде айқындалғанын алға тартып, кәсіби армияға біртіндеп өтуді ұсынды.

- Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілердің санын біртіндеп арттырып, мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың санын кезеңімен азайту қажет, – дейді Әсел Фролова.

Белсенді өз бастамасында халықаралық тәжірибеге сүйенген. Маманның айтуынша, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Италия, Словения, Словакия және Шри-Ланка сияқты елдерде мерзімді әскери қызметтен бас тартып, кәсіби келісімшарттық модельге көшу оң нәтиже берген. Ол бұл қадам армияны әлсіретпейтінін, керісінше әскери қызметтің беделін арттырып, жауынгерлік даярлықты күшейтетінін атап өтті.

Қазіргі таңда бұл петиция арнайы тексеруден (модерациядан) өтіп жатыр. Сүзгіден өткеннен кейін ғана құжат азаматтардың дауыс беруі үшін ресми платформаға шығарылмақ.

Айта кетейік, жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов те өз кезегінде сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен армиядағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуды басты міндеттердің бірі ретінде белгілеген еді. Петицияның әрі қарайғы тағдыры модерация аяқталған соң белгілі болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл