Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екі қолға бір күрек табылады: Жалақысы 570 мың теңге болатын қандай жұмыс?
Жаңалықтар

Екі қолға бір күрек табылады: Жалақысы 570 мың теңге болатын қандай жұмыс?

24.11.2022
1 мин
3
2569

hh.kz онлайн платформа Қазақстанда және ТМД елдерінде жұмыс іздеу және персоналды іріктеу бойынша 2022 жылы олардың сайтында орналастырылған барлық бос жұмыс орындарына талдау жасады. Бір жыл ішінде жұмыс берушілер 300 мыңға жуық бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл жөнінде ҚазАқпарат агенттігі жазды.

Талдау нәтижесіне сәйкес, бос жұмыс орындарының ішінде жалақысы 570 мың теңгеден асып кеткендердің саны 10%-ды құрады. Олардың 48% - ы сату менеджерлеріне арналған бос жұмыс орындары (алайда, ай сайынғы табыс әртүрлі болуы мүмкін, өйткені бұл әдетте пайыздар мен жоспардың орындалуына байланысты), 15% - әзірлеушілер мен бағдарламашыларға, 12% - құрылыс және жылжымайтын мүлік саласының мамандарына, 9% - топ-менеджменттерге, 7% - көлік қызметкерлері мен логистерге арналған.

Бос жұмыс орындарының басым көпшілігі Алматыда – 46%. Одан әрі Астана (29%), Қарағанды (4%), Шымкент (3%) және Атырау (2,5%) қалаларында.

Кейбір жұмыс берушілер мықты кандидаттарға миллиондап төлеуге дайын.

2022 жылға арналған ең жоғарғы 5 ұсыныс:

1.Астанадағы алтын өндіруші холдингтің HR директоры – 3,5 миллионнан 4,1 миллион теңгеге дейін алады. Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

2. Ақтөбедегі сату бөлімінің басшысы салығын алып тастағанда, 500 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін алады. Қажетті жұмыс тәжірибесі 3-6 жыл.

3. Астанада PHP жетекші әзірлеуші, салық төлегенге дейін 4400 доллардан бастап жалақы алады. Қажетті жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

4. Алматыда хирург-имплантолог дәрігердің жалақысы, қолына 1,5 млн-нан 3 млн-ға дейін жетеді. Қажетті жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

5. Алматыдағы элиталы жылжымайтын мүлік сату маманы қолға 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін. Қажетті жұмыс тәжірибесі 1-3 жыл.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
А
Алия 25.11.2022
Негізі дәл қазір мына уақытта қарапайым халықтың аилығы осындай болу керек жемқорлар жепжеп аилықтарын әдеиі көбеитпеи отыр әсіресе заводта істеитін химия жұтатын вредность алмаитындар вот солардың ақшасын 570теңге қылу керек уже давно пора міне сонда Қазақстанда біраз қарапайым халық жақсы өмір сүреді.30 жыл бойы Нұрекең 15 %20% паиыздан жылда қосып тұрған да қазақтар давно баиып жағдайлары жақсы болар еді бірақ жепқалады жемқорлар ортадан құртады бәрін желкелерінен шыққырлар
Жауап беру
Ж
Жанар Ахметова 25.11.2022
Шымкент қаласы дар барма сондаи жұмыс
Жауап беру
Ө
Өрікгүл 25.11.2022
бұндай жалақыны түсімде көрмеитін шығармын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл