| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
№2 емханада миды зерттейтін жаңа диагностикалық кабинет жұмысын бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа кабинет заманауи медициналық аппаратпен жабдықталған. Электроэнцефалография – мидың биоэлектрлік белсенділігін зерттейтін әдіс. Бұл зерттеу дәрігерлерге орталық жүйке жүйесіндегі өзгерістерді нақты бағалауға және тиімді емдеу тактикасын таңдауға көмектеседі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, ЭЭГ зерттеуі үнемі бас ауруына шағымданатын, есінен тану немесе құрысу белгілері бар, сондай-ақ жарақаттан кейінгі асқынуларды бастан өткерген азаматтарға тағайындалады. Бұдан бөлек, балалардың сөйлеу дамуы кешеуілдеген жағдайларда да аталған диагностика жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, жаңа аппарат зерттеудің дәлдігін арттырып, нәтижені қысқа уақытта алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде пациенттердің уақытылы әрі сапалы медициналық көмек алуына жол ашады.
Елордада медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Жаңа кабинеттің ашылуы – тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы кезекті қадам.