Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ержан Есімханов: «Бізде мемлекет жоқ»
Маман пікірі

Ержан Есімханов: «Бізде мемлекет жоқ»

10.07.2020
1 мин
69
6561

Елдегі пандемияға қатысты айтылып жатқан пікір көп. Экономист, дәрігер, түрлі сала мамандары қазіргі жағдайға қатысты ой білдіріп, ел болашағын ойлауда. Заңгер Ержан Есімханов мемлекеттегі басқару жүйесі жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды. Оның мемлекеттік басқару жүйесі, білім саласы және ел болашағы жайлы пікірін сіздерге ұсынуды жөн көрдік.

«Коронавирус елдегі қарапайым нәрсені дәлелдеді. Қазақстанда мемлекет жұмыс істемейді. Бізде мемлекет жоқ.

Бірыңғай, жақсы ойластырылған, ақылға қонымды жүйе жоқ. Керісінше, мотивациясы да, этикасы да, ішкі ұйымшылдығы да жоқ құрылымдардың жиынтығы бар. Бейбіт уақытта бұл комбинация қандай да бір жолмен өзекті мәселелерді шешуге көмектескен еді. Ал стрестік жағдайда керісінше, тез бұзылып, құлдырады.

Бұл тек бүкіл халықтың назарын аударып отырған денсаулық сақтау мәселесі емес. Бүгінгі таңда дәрігерлер нағыз ерлік көрсетіп жатыр, бірақ бұл аздық етеді. Себебі біздің мемлекетте жүйе мүлде жұмыс істемейді. Елдегі жүйе реформалар арқылы ұзақ уақыт бойы қиратылды, ұзақ уақыт бойы тым есепсіз басқарылды, ұзақ уақыт бойы санаулы адамдарды байыту құралы ретінде пайдаланылды. Дегенмен бәрі медицинадан басталған жоқ.

Естеріңізде болса, біздің жүйеде бірінші орында дағдарысқа ұшыраған – білім беру жүйесі. Онлайн оқыту бүкіл ел бойынша сәтсіз аяқталды. Жарайды, олар дайын болмады делік, бірақ жаңа оқу жылы жақындап келеді. Білім министрлігіне жазғы каникул арқылы жеңілдік берілді. Министрлік сол жеңілдікті қалай пайдалануда? Қыркүйектен бастап сәуір-мамыр айларындағы карантинде көргеніміздің бәрі қайтадан басталады.

Келесі кезек – әлеуметтік  жүйе. Халық 42 500  теңгені қалай алуға тырысқанын бәріміз білеміз. Қазір медицина жеңіп жатқан жоқ.  Келесі кезекте қандай бағыт сәтсіздікке ұшырайтынын білесіз бе? Полиция. Сірә халықтың табысының төмендеуі жақын арада қылмыстың көбеюіне әкеледі.  Қазақстан полициясы дәл қазір осы жағдайға дайындалып жатыр ма?  Менің оған күмәнім бар.

Біздің кез келген жүйеге тап болатын дағдарыс оны тозаққа жібереді. Мүмкін бұл бүкіл әлемде болып жатқан жағдай деп айтарсыз. Бірақ бүкіл әлем қателіктерден қорытынды шығаруға тырысады, бірақ бізде олай емес.

Мұның себептері бәрімізге  түсінікті.

Мемлекеттік басқару жүйесі орталыққа толықтай бағынуға негізделген. Аймақтық жетекшілер өз аймағындағы адамдар үшін жұмыс істемейді. Олар таяқ жемеу үшін немесе сый және мадақ алу үшін ғана жұмыс істейді. «Левый берег»-те отырып, үлкен елді басқару мүмкін емес. Сондықтан орталықтың ең әдемі бастамалары да жарты жолда қалып қояды және ешқашан аяқталмайды.

Мемлекеттік басқару жүйесі проблемаларды шешу үшін ақша шашуды ғана үйреніп алған және басқа жолмен жұмыс істеуді білмейді. Соңғы жылдары елде жүзеге асырылған кез келген ірі жобаның бастапқы қаржысын алып, қорытындысымен салыстырыңыз. Соңында шыққан айырмашылық сізді таңқалдырады.

Қазақстандық басқару жүйесі адамдарға қызмет етеді, бірақ сол адамдарды түсінбейді. Адамдармен қарым-қатынас және кері байланыс дегеніміз өте қорқынышты жағдайда. Тікелей және көрнекті мысал – елордадағы кешегі отшашу.  Негізінде, халықтың ойын түсінбейтін адамдар ғана осыны жүзеге асыра алады.

Мен сізге шынымды айтайын, бұл жүйені қандай да бір жолмен жөндеуге болатынына сенімді емеспін. Себебі шенеуніктердің ескі буынының артынан жаңа, әлдеқайда сауаты аз және әлдеқайда арсыз және қиянатшыл буын келе жатыр. Егер біз осы дағдарысты қандайда бір ғажайыптың көмегімен жеңіп шығатын болсақ, бәріне жағдайдың дәл осы қалпында жалғаса алмайтындығы түсінікті болатын сияқты.

Бұл жүйені өзгерту үшін бізге екі маңызды нәрседен бастау керек.

Біріншіден, сыбайлас жемқорлық елдегі ең ауыр жазаланатын қылмыстардың бірі болуы тиіс. Ұзақ, нақты мерзіммен, ешқандай «қылмыстық босату» болмай, болашақта өлім жазасы қабылданғаны дұрыс. 

Екіншіден, үлкен деңгейдегі қала әкімдерінен бастап, ең кіші ауыл әкімдеріне дейін барлық деңгейдегі жергілікті шенеуніктерді біз сайлауымыз керек. Жоғарыдан сайлау болмасын, себебі ол нәтиже бермейді. Тағайындалған шенеуніктер бастарын құмға тығып, жалпы аза тұту кезінде отшашу ұйымдастыру сияқты таңғажайып, адамның ойына келмейтін іспен айналысады. Егер бұл мәселелер жақын арада шешілмесе, мемлекетіміздің қандай жағдайға тап болатыны белгісіз. Тіпті мемлекетіміздің болашағы болмайды».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
69 Пікір
З
Зульфия 01.08.2020
Дұрыс бірақ ол үшін баяғы ревалюция керек сыяқты халық қозғалмаса үкіметтің зырыхталған жүесін бұзу оңай емес
Жауап беру
З
Зульфия 01.08.2020
Дұрыс бірақ ол үшін баяғы ревалюция керек сыяқты халық қозғалмаса үкіметтің зырыхталған жүесін бұзу оңай емес
Жауап беру
Ғ
Ғалия 26.07.2020
Өте дұрыс айтасыз мен осындай көзі ашық азаматтар басқарса екен елімізді
Жауап беру
А
Акмарал 14.07.2020
Сумдык рас биздин елимизде жеримизде зан жок
Жауап беру
Ғ
Ғабит 14.07.2020
Түгел осырақ шалдарды құрту керек жоғарыда отырған қанды ішті
Жауап беру
Р
Раушан 13.07.2020
Укіметтегілерді тугел трактормен жер тазалағанлай,тугел тазалау керек.Халық өздері таңдасын.Мысалға СК фармацияға жаңадан тағайындалған адам ең болмаса фармацефт битирмеген,ең болмаса жақсы фельдшер болмаған ғой.Істеген жумыс орындарының барін тақырға отырғызып,журген жерінде шөп шықпаған адам екені жазылып жатыр.
Жауап беру
А
Айдана 12.07.2020
оте орынды пікір осы тыңдайтын кулак болса жан жактан көмек келип жатыр,алдында ауырдым ыстық котерилип соны тусиретин дари жок аптекада соған ким жауапты
Жауап беру
12.07.2020
Койш сол сайлаудан, мугалимдерди жугиртип, бари -бир мугалимдерди жумсамайды диди, айналдырып келип адам таппай мугалимдерге сайлатады. Бул зандылык. Сол сайлаудан озгерип жаткан ештене жок
Жауап беру
12.07.2020
Койш сол сайлаудан, мугалимдерди жугиртип, бари -бир мугалимдерди жумсамайды диди, айналдырып келип адам таппай мугалимдерге сайлатады. Бул зандылык.
Жауап беру
11.07.2020
Халык бир болек билик бир тобе болды казир.Онлайн сабакка карсы бари.Интернет жок халыктын жагдайы жок ар балага телефон или ноутбук аперуге.Кредит кеширилсе халыктын ал аукаты дурысталар еди алде кайда.
Жауап беру
Л
Лиза 11.07.2020
Пікіріңізге толықтай қосыламын. Дұрыс жүйенің жоқтығынан ,билікте отырғандардың жемқорлығынан осы күйге жеттік .Рас ашты да болса шындық.Келешегіміз күнгірт.
Жауап беру
С
Сания 11.07.2020
Қышыған қотырды қасығандай әсер алдым, әсіресе жас буындар туралы өте орынды айтты
Жауап беру
К
Карлығаш 11.07.2020
Толығымен қосылатын әйтеуір ауылға қоғамды бір пікір оқыдым ғой осы уақытқа дейін қазақтың жанашыр азаматтары қайда? Деп жаным түршігуші еді.
Жауап беру
А
Айгүл 11.07.2020
Мына билік 30жыл бойына халықты мəғгүрт қылып қойды. Қазір жастардың көбі сауатсыз. Мен балаларымның болашағы қандай болады деп қорқам. Ауылдық жерде тіптен білім жоқ. Ақшамен оқытасың жеке əр пəннен ал оны ай сайын оқытуға қалта көтермейді. Біздің мемлекетіміз дұрыс жолға түседі дегенге тіптен сенбеймін.
Жауап беру
Л
Лаура 11.07.2020
Өте орынды айткан. Жемқорлық пара беру тоқтамай еліміз дамымайды. Мысалы Оңтүстік Қазақстан жақта пара беру өте көөөп. Бир мекемеге пол жуатын болып кіру үшін ақшамен кіреді. Ауруханаг келетін болсақ Мемлекеттен тегін бөлініп жатқан науқастың тарихы жазылатын қағазды науқасқа сатып алдырады.
Жауап беру
Г
Гүлбану 10.07.2020
Ақпарат және коммуникация министрлігін де қоса атап өткен дұрыс еді . Онлайн сабақ өткізбек түгіл қарапйым ватсап арқылы байланысқа шуғудың өщі қиын. ҚР өнірлерін айтпай ақ қояйын, бас қаламыздың өзінде.
Жауап беру
Ә
Әсел 10.07.2020
Біз қандай сорлы халықпыз. Неге осындай күйге түстік? Жеріміздің қойнауы байлыққа толы, бірақ біз кедейміз. Білім-ғылым, денсаулық, экономика,заң өте аянышты халде. Билік өздерінің әдемі әлемінде, қара халық жеке бір әлемде өмір сүріп жатыр. Осыншама байлыққа ие бола тұрып неге барлық елге қарызбыз, неге халіміз осынша мүшкіл? Бала аш-жалаңаш жүрсе ата-ана жауапты болады. Елдің осынша бейшаралық күйге түсуіне өтірікпен құрылған билік кінәлі.
Жауап беру
М
Мөлдір 10.07.2020
Жемқорлық қана емес жоғарыдағылардың қара бастары үшін шығарған заңдары толығымен өзгеруі керек. Мысалға: көп әйел алу - себебі халық санын көбейту дейді (шын ба?). Қарапайым отбасы 1 жанұясын әрең бағып жүр квартирада. Келесі мемлекеттік қызметке тұру үшін үлгілі отбасы болса. Балалары мемлекеттік мектепте, универде оқыса, шетелде емес, әйелі тәрбиелі 1 яғни тоқал жоқ, т.с.с. жеке бас құндылықтарына мән берілсе. Айтпағым өзінің кішкентай Отанына отбасына ие бола алмаған адам халыққа қалай қызмет етеді. Керісінше халыққа үлгі болу керек. Келесі 4 баладан жоғары демей, әр бала Қазақстан азаматы. Сондықтан әр балаға жәрдем ақы төлеу керек 18 жасқа толғанша. Әттең жаза берсең жетеді. Толық заң халықпен ақылдасып отырып өзгертілуі керек
Жауап беру
Б
Бота 10.07.2020
Оте дурыс айтылган, шынымен де жылагын келеди, кандай ис басталса да аягына жетпейди,. Жемкорлыкка ен ауыр жаза беру керек
Жауап беру
Б
Бота 10.07.2020
Оте дурыс айтылган, шынымен де жылагын келеди, кандай ис басталса да аягына жетпейди,. Жемкорлыкка ен ауыр жаза беру керек
Жауап беру
Б
Балнур 10.07.2020
Оте керемет жазылган окып отырып жылағым келді кандай аянышты халық едік Оз жеримизде өз елимизде журип бир созимди откизип тындата алмаймыз
Жауап беру
Н
Назира 10.07.2020
Керемет айттыныз, сизге косыламын. Халык сайлау керек, осы маселени калай да аягына дейн жеткизейикши.
Жауап беру
Г
Гүлдана 10.07.2020
Өте дұрыс,шындықтың шындығы.Əй сорлы қазағым-ай.Ішім күйеді.Сол кездерге жетеміз!Осындай азаматтар көп болса!н
Жауап беру
Г
Гүлім 10.07.2020
Намыстанамын ұрлықшы үкіметке бағынышты болып отырғанымыз үшін. Өкінішті...
Жауап беру
Г
Гүлім 10.07.2020
Иә рас айтылған бірақ бұл проблеманың бір шеті ғана жаза берсеңіз 3 томдық кітап болады! Ақылды жастарымыз шет елдерге кетіп жатыр... Болашақ ты ойлаудың өзі стресс болып кетті. Болашақ түгіл осы індеттен қаншасы аман қалады? Қырылып жатыр өзі аз халықпыз!
Жауап беру
А
Алтынай 10.07.2020
Алладан тілейік! өзімізде ішкі дүниемізді дамытайық. ел біздікі, ата-бабамыз бізге осынау кең байтақ жерді мұраға қалдырғанда біз дұпыстап қорғай алмасақ, бізден кейінгі ұрпағымызға не қалдырамыз,
Жауап беру
Г
Гульзада 10.07.2020
Оте дурыс айтылган, болашакка корка караймыз, кандай ел боламыз, тубегейли озгерту мумкин болса канекей, осылай ойлайтын азаматтарымыздын саны аздык етип тур
Жауап беру
А
Арай 10.07.2020
Дұрыс айтасыз
Жауап беру
К
К сожалению,он прав 10.07.2020
К сожалению,он прав
Жауап беру
М
Мика 10.07.2020
Ия дурыс айтыпты. Бирак еститин кулак болса буны. Ен бастысы бирлигимизбен осы ауруды женип шыгайык....
Жауап беру
М
Маржан 10.07.2020
Иә әуминь осы айтқандарыңыз Алланың құлағына шалынса екен
Жауап беру
М
Марал 10.07.2020
Дурыс айтасыз
Жауап беру
А
Акжан 10.07.2020
Дұрыс айтасыз. Несиелік амнистия сурау керек мемлекеттен халык қарызға батып отканда, ауыруды ойлайтын уакыт жок. Аудан кайдан алам деген бір адам
Жауап беру
К
Камшат 10.07.2020
Жемқорлықты жеңу үшін ату жазасы ең қатаң жаза қолданысқа енгізілсе жемқорлар ойланатын шығар. Қазақстан ешқандай Т.Ж дайын емес екенін көріп келе жатырмыз. Үйі жоққа халық үй әперуде, дәрі дәрмекті өзара халық беруде, ауруханаға аппараттарды да халық өзі алуға тырысуда. БІЛІМНІҢ жағдайы сын көтермейді. Үкімет бізге не керек.
Жауап беру
Р
Рита 10.07.2020
Оте дурыс айттыныз,сиздин созинизге 200%косыламын.
Жауап беру
А
Асылжан 10.07.2020
Өте дұрыс айтасыз әсіресе жемқорлықтың жазасын қатаңдату керек және әкімдерді халык сайласын!
Жауап беру
Б
Бота 10.07.2020
Бұрыс айтасыз жоғарыдан бастап бәрін өзгерту керек. Педагогтарды квал тесттен өткізгендей барлық қызметкерлердіде солай тесттен өткізіп қабылдау керек. Әдулдік болу керек. Заң бәрімізге ортақ.
Жауап беру
Н
Назерке 10.07.2020
Мен сізбен келісемін. Әркім өз жағдайын ғана ойламай, ел үшін қызмет етсе. Әсіресе басшыларды халық сайлайтын болса, олар да халық сұранысын қанағаттандыру үшін қызмет ететін болады деп ойлаймын.
Жауап беру
М
Мари 10.07.2020
Халықты қанаумен ғана өмір сүріп келеді..
Жауап беру
А
Аяжан 10.07.2020
Дурыс айтылды. Жемкорлык жеп битирди халыкты!
Жауап беру
Н
Назира 10.07.2020
Дұрыс айтады. Балық басынан шириди деген осы.
Жауап беру
Н
Нуржан 10.07.2020
Елде жемқорлық көп екенін енді білдің ба? Балық бастан шірійді деген басшы өзгермей ештеме өзгермейді. Түркия мемлекетінің басшысындай болса бір нәрсе өзгерер.
Жауап беру
А
Адик 10.07.2020
Өте дұрыс айтасыз Мемлекеттік жүйені толық ауыстыру керек мына биліктен көңіл қалды. Халыққа оттегі жетіспей жатқанда, Отшашу ұйымдастырған қай сасқаны
Жауап беру
З
Замира 10.07.2020
Өте дұрыс айтылған. Өзгеріс керек....... өлім жазасы қабылданып және әкімдерді т.б. өзіміз сайлауымыз қажет. Кейде, Қазақстаннан көшіп кеткін келеді ғой.....
Жауап беру
10.07.2020
Бәрі шындық, неге халықты етілмейді.Осындай бай елде тұрып , көргеніміз тек жаманшылық. Аз ғана халықтың жағдайын жасай алмай отыр Укімет.
Жауап беру
Р
Роза 10.07.2020
Бізде халықта ауыз біршілік о баста болмаған..Қазір биліктегілер халықтан сұрамайды ...өз білгенін істейді ...біз оларға құлдар сияқтымыз..өз ойымызды айта алмаймыз..Бұл билікті ауыстыру керек..болшағымыз бұлыңғыр болыр тұр...Алға Қазақ Елі..Мен Елімді жақсы көремін..
Жауап беру
С
Света 10.07.2020
Бари дурыс . Жогарыдагылардын барин ауыстыру керек. Балдарымнын болашагы не болмак....
Жауап беру
Р
Роза 10.07.2020
Бізде халықта ауыз біршілік о баста болмаған..Қазір биліктегілер халықтан сұрамайды ...өз білгенін істейді ...біз оларға құ
Жауап беру
З
Замира 10.07.2020
Өте орынды.Ержан мырза заңгер екенсіз жазасын өтеп жатқандарға қандай жеңілдік бар?
Жауап беру
Ш
Шолпанай 10.07.2020
Бари шындык.Халыктын шырылдаган Жан айкайын еститин
Жауап беру
Р
Райхан 10.07.2020
Осы иттердин барин куып шыгатын пзаиа
Жауап беру
Г
Гульзада 10.07.2020
Жазғаныңыздың бәрі орынды, соны ана әбден май, ақша жеп семіріп алған билік түсінеді ма екен, тыңдағаны былай тұрсын.
Жауап беру
Ж
Жанар 10.07.2020
Көзімнен жас тоқтар емес. Болашақта бала шағаның тағдыры не болмақ. Мұның арты жақсылыққа апармайды
Жауап беру
П
Перизат.10.07.2020 10.07.2020
Қарапайым жұмысшы-шаруалар қатары тек Аллаға сиынып,Алладан жақсылық күтеміз.Алла артының қайырын берсін.ң
Жауап беру
А
Азеке 10.07.2020
Даулет Осы келесі Президенттік сайлауға өзі кандидатынды ұсыншы Елгімізге сен сияқты жанашырлар керек. Мына ана тілін білмейтін мәнгүртерден еш қайыр жок.
Жауап беру
Л
Ләззат 10.07.2020
Тыңдайтын құлақ болмаса, сөз жетім
Жауап беру
З
Зарина 10.07.2020
Ай жуас казагым-ай кырылдын ғой кырылдын,ойыншык болдын ғой мына бейбіт заманда
Жауап беру
Г
Гуля 10.07.2020
Жемкорлық барлық салаға жайылған коронавирус.
Жауап беру
Е
Ельнар 10.07.2020
Билікті құлатумен ғана еліміз гүлденеді, шіріген билік халқымызды жылатып бітті
Жауап беру
З
Зухра 10.07.2020
Дұрыс айтады.Мемлекетіміз дұрыс басқару жүйесінде емес.
Жауап беру
А
Айбек 10.07.2020
Айткан созге туспеген. Жаман емеи немене. Сураганда бермеген. Саран емеи немене. Киси акысын коп жеген. Арам емеи немене.
Жауап беру
А
Асем 10.07.2020
Жоғарыда отырған билік сымақтар кетсін.өңкей шалдар жиналып алып ақшаға тоймайды.көрлеріне ала кетеме сол ақшаны.жастарды отырғызу керек елім-жерім деген.еліне адал қызмет ететін.Алладан неге қорықпайды бұл билікте отырғандар.Алла әділ жазаларын берер бәрінің.
Жауап беру
Д
Дина 10.07.2020
Келісемін. Балаларымның болашағына алаңдаймын
Жауап беру
А
Айдана 10.07.2020
Карапайым халыктын жан айкайвн ешким тындагысы келмейдигой!! Онбагандар! БИР АЛЛА КОРИП ТУР!
Жауап беру
К
Кара бала 10.07.2020
Жемкорлар урлагандарын корлерин алып кетсин братала
Жауап беру
Ғ
Ғани 10.07.2020
Сизбен толықтай келсисем, брак окиниш бизди ешким естигиси келмиди.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл