Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көңілді кеш, көтеріңкі көңіл-күй: Алматы жастары бас қосты
Жаңалықтар

Көңілді кеш, көтеріңкі көңіл-күй: Алматы жастары бас қосты

26.07.2025
мин
0
64

Түрксіб ауданында апта сайын өтетін дәстүрлі караоке кештері тұрғындардың сүйікті мәдени шарасына айналып үлгерді. Іс-шара ауданның адам көп шоғырланатын орындарында ұйымдастырылып, жастар мен балалардың, сондай-ақ ересек тұрғындардың белсенді қатысуымен өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шараның басты мақсаты – жастар мен тұрғындарға рухани серпіліс сыйлау, өнерге деген қызығушылықты арттыру және ашық алаңда шығармашылық еркіндікті беру. Қатысушылар өздерінің сүйікті әндерін орындап, бір-біріне қолдау білдіріп, көтеріңкі көңіл-күйде би билеп, нағыз мерекелік атмосфера орнатты.

Кеш барысында кезекке тұрған қатысушылар қазақ және шетел әндерін шырқады. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында танымал әндер шырқалып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кейбір тұрғындар дуэт болып ән айтып, көрермендерді тәнті етті.

Іс-шараны Түрксіб аудандық Community орталығы ұйымдастырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, караоке кеші – бұл тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар жастар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған рухани-мәдени алаң.

- Караоке – жастардың еркін өзін көрсетуіне, өнерін танытуына мүмкіндік беретін ашық алаң. Біз бұл жобаны алдағы уақытта да жалғастырамыз, – деді ұйымдастырушылардың бірі.

Караоке кештерінің әрқайсысына 100-ден астам адам қатысады. Түрксіб ауданында қолға алынған бұл бастама тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге, мәдени өмірге тартуға және жастар белсенділігін арттыруға зор ықпал етіп келеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл